• Валюта бағамы: USD 379.29 | EUR 426.4 | RUB 5.93 | CNY 56.58 |

ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

0

 

 Тараз қаласындағы Төле би даңғылына ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілді. Бұл маңызды шешім бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясында бекітілді. Есесіне, Ташкент көшесі Төле бидің атымен аталатын болды. Мұндай ұсынысты Тараз қалалық әкімдігі мен мәслихаты бірлесіп берген. Отырысқа қатысушылар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, мақұлдады. Айта кетейік, бүгін Президент ретінде халық алдында ант қабылдаған  Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы ірі көшелердің бірін елбасының атымен атау қажеттігі туралы бастама көтерген болатын. Осыған сәйкес, Тараз қаласында  6 шақырымды құрайтын Назарбаев көшесі пайда болды. Жаңа даңғылдың  бойында тұңғыш Президент саябағы, Мәңгілік ел монументі орналасқан.

 

 

Пікір қалдыру