• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

Тараздықтар Нұр-Сұлтан атауын бірауыздан қолдады

0

Бүгін Тараз қаласында Елорданың «Нұр-Сұлтан» атауына ауыстырылуын қолдау бойынша бірқатар іс-шаралар болып өтті.

Аталған іс-шараларда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуы, Ел Президентінің бұл тарихи шешімі – Қазақстан Республикасы Парламентімен бірауыздан мақұлданғандығы, еліміздің саяси дамуындағы қалыпты жағдай болып табылатындығы туралы кеңінен сөз қозғалды.
Жамбыл жұрты – тарихи шешімге қолдау білдіріп, Астананың «Нұр-Сұлтан» болып аталуына бірауыздан қолдау көрсететіндігі туралы облыстың бірқатар азаматтары сөз сөйлейді. Атап айтсақ «Қазақстан темір жолы» Жамбыл облыстық филиалының директорының орынбасары Ү.Ырысбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы М.Ұлтанбаев, «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар зауытының директоры Т.Исаев сөз алып, өз ойларымен бөлісті.
Архитектуралық кескіні мен гүлзарлы келбеті талайды тамсандырған Нұр-Сұлтан қаласы 1998 жылы бой көтеріп, аз ғана уақытта әлем назарына ілікті. Осы уақыт аралығында еліміздің барлық аймақтарын стартегиялық тұрғыда біріктіріп, өңірлердің дамуының драйверіне айнала білді.
Бұл жетістіктер Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге асырылды.
Осы ретте, Астананың атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту – біріншіден Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екіншіден Елбасының саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылатындығы сөзсіз.

Пікір қалдыру