• Валюта бағамы: USD 384.05 | EUR 432.79 | RUB 5.96 | CNY 55.46 |

ТарМПУ ұжымы мен студенттері елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуін қолдайды

0

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана қаласына беру туралы тарихи шешімге қатысты жиын өтті.

Аталмыш шараға университеттің «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі» проректоры  Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы, «Химия-биология» факультетінің деканы Таубаева Раушан Серікханқызы және «Жастар ісі жөніндегі комитет» төрағасы Қадралиев Айбек Амансейітұлы, «Имидж және қоғаммен байланыс» басқармасының басшысы  Сансызбаев Нұрлан Қаражанұлы, «Әлеуметтік мәдени дамыту» орталығының басшысы Өскембекова Құралай Амреқұлқызы, «Ғылым және коммерцияландыру» басқармасының басшысы Шертаев Ерман Тельманұлы қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев елімізді өркендету мен  мемлекетімізді дамытудың жарқын болашағына даңғыл жол бастаған, барша ұлтты бауырына басқан көшбасшы екеніне тоқталып өтті.

«Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар — намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше басшылық қырынан барша қазақ еліне танылған көшбасшымызға, Ұлы даламыздың қақ жүрегі болып табылатын Астана қаласының атауы Нұрсұлтан болып өзгертілуінде үлкен бір мән бар. Бас қаламызға Елбасымыздың есімі берілгені бізді шын жүректен қуантты», — деп атап өтті өз сөзінде ТарМПУ проректоры Орынқыз Көпбосынқызы.

Сондай-ақ, Университет жастары да 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгілеп берген Елбасымыздың есімі, Астана қаласына берілгені біз үшін үлкен қуаныш болды деп, ізгі ықыластарын жеткізді.

Пікір қалдыру