• Валюта бағамы: USD 386.82 | EUR 428.67 | RUB 5.86 | CNY 54.95 |

Асқар Исабекұлы Айша бибі ауылдық мәдениет үйінде орналасқан ақпараттық орталықта болды

0

Сонан соң Асқар Исабекұлы Айша бибі ауылдық мәдениет үйінде орналасқан ақпараттық орталықта болды. 2018 жылдың 25 тамызында ашылған орталықтың материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 562 000 теңге қарастырылып, компьютерлер, принтерлермен қажетті дыбыстық және бейне құрылғылар алынған.
Аталған орталықта тұрғындар «Азаматтарға арналған үкімет» порталынан анықтамалар алу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңға дейін жалпы саны 214 анықтама берілген.
Бұдан бөлек, орталықта домбыра үйрету, ақындыққа баулу, қолөнер шеберлері, ағылшын тілі секілді үйірмелер жұмыс істейді. Оларда ауылдың 95 тұрғыны қамтылған.

Пікір қалдыру