• Валюта бағамы: USD 389.94 | EUR 433.5 | RUB 6.1 | CNY 55.13 |

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұдан бұлай аталған қызметті Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы атқаратын болады.
Жаңа орынбасарын облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен өткен жиында таныстырды. Өз сөзінде аймақ басшысы Сұлушаш Сәтбекқызының білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайтынына сенім білдірді.
Айта кетейік, С. Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады.
Сұлушаш Құрманбекова қарапайым мектеп мұғалімдігінен бастап, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы қызметіне дейін сатылай өскен. Орынбасар қызметіне тағайындалғанға дейін С. Құрманбекова облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Пікір қалдыру