• Валюта бағамы: USD 386.82 | EUR 428.67 | RUB 5.86 | CNY 54.95 |

ЖОЛ АПАТЫНДА ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР ТАРАЗҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

0

Ж

Өткен аптада Қордай ауданында орын алған ірі жол апатында жарақаттанғандар Тараз қаласына жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен 5 азаматтың жағдайы бірқалыпты деп отыр. Өз еркімен тұрғылықты жеріне байланысты емделуге 9 адам Алматыға, ал, 4 адам Шымкентке кетті. Өзбекстан елінде ем қабылдаймыз деп тағы 9 адам қайтарылған. Зардап шеккендар арасында балалардың жоқ екені белгілі болды.

ВАЛИЯ ДУССАЕВ, ТӘЖІКСТАН АЗАМАТЫ  Шырт ұйқыда жатқанбыз. Қатты соққыдан не болғанын білмей қалдық. Жанымда екі жолдасыммен үш адам Тәжікстаннан Алматыға жол тартқанбыз. Жеңіл жарақат алған жолдас балам елге қайтты. Ал, тағы бір отандасымның иығы сынып, осында жатыр. Жағдайын тұрақты деп отыр. Өзім құдай сақтап, жеңіл жарақат алдым

Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі өзбекстандық, тағы біреуі Тәжікстан, қалған екеуі Қазақстан азаматтары. Жеңіл автокөлікте болған жолаушы да осында ем қабылдап жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев зардап шеккендердің хәлін сұрап, жауапты мамандарға қажетті көмектің көрсетілуін қадағалауды тапсырды.

Облыс орталығына жеткізілгендерден бөлек  тағы төрт науқас Қордай ауданының ауруханасында жатыр. Оларды кеше әскери госпитальдан орталық ауруханаға ауыстырған болатын.

Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Жамбыл облысы емдеу-сауықтыру мекемелерінде бүгінгі таңда 9 науқас жатыр. Оның төртеуі Қордай аудандық ауруханасында, төртеудің біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол науқастың жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты. Қалалық ауруханада 5 науқас жатыр. Бүгін тағы жансақтауда жатқан екі науқас бөлімшеге ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 20-сәуір күні түнгі төрттер шамасында Алматы-Ташкент тас жолының 181-шақырымында орын алған. «Тойота камри» автокөлігі өзімен бір бағытта келе жатқан жүк машинасының артына жоғары жылдамдықпен соғылып, нәтижесінде, жеңіл көлік жолаушысы оқиға орнында мерт болған. Сол сәтте Шымкенттен Алматы қаласына бет алған «Ван Хулл» автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болып, аударылып кетті. Салдарынан автобустағы 46 адамның 11- көз жұмып, 3 өзбекстандықтың мәйіті елдеріне жеткізілді. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

https://www.youtube.com/upload

Пікір қалдыру