• Валюта бағамы: USD 389.94 | EUR 433.5 | RUB 6.1 | CNY 55.13 |

XVI Еуразия Медиа Форумына тіркелу басталды

0

22 – 24 мамыр аралығында Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақ үйінде он алтыншы Еуразия Медиа Форумы өз жұмысын бастайды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жинады, деп хабарлайды spiker.kz.

XVI Еуразия Медиа Форумы «Бүгінгі әлем: шындық  трансформациясы?» атауымен өтеді.

Конференцияда әлемдік және өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер көтерілмекші. Күн тәртібінде: жаһандануға қарсы процестер, тұтыну дағдарысының тереңдеуі, халықаралық құқық және жасанды ақыл-ойды  пайдаланумен байланысты сын-қатер талқыланады.

Сондай-ақ, Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар – цифрлық әлемдегі журналистиканың болашағы мен блогсфера ықпалының артуын тілге тиек етеді.

Орталық Азиядағы көшбасшы әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Еуразия Медиа Форумының (ЕАМФ) басты мақсаты – саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың Қазақстан, Еуразия және дүниежүзілік қауымдастықтың  геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуымен байланысты өткір мәселелерді талқылауға жағдай жасау.

Форум құрылған уақыттан бері Қазақстанға  6000-нан астам шетелдік өкіл қатысты. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, саясаттанушылар, Нобель сыйлығының иегерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. 

Форумда әр жылдарында Ислам республикасының бұрынғы президенті Иран Мұхаммед Хатами, Ауғанстанның 12-ші президенті Хамид Карзай, америкалық дипломаттар Ричард Холбрук пен Ричард Перл, АҚШ-тың бұрынғы конгресмені,  Демократтардың басқару кеңесінің төрағасы Харольд Форд, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі  Джек Стро, Грекияның бұрынғы туризм министрі және парламент мүшесі Ольга Кефалоянни, британ футурологы Рэй Хаммонд, танымал журналистер Владимир Познер, Максим Шевченко, Михаил Леонтьев, Софико Шеварднадзе, Питер Лавель, Пола Слиер, Стивен Коул, Ник Гоуинг, Ксения Собчак, ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің жетекшілері Виталий Игнатенко и Михаил Гусман, жазушы Шыңғыс Айтматов, НАТО біріккен күштерінің бұрынғы жоғарғы бас қолбасшысы Уэсли Кларк, РФ үкіметінің бұрынғы төрағасы Евгений Примаков, ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Збигнев Бзежинский, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, VICE News Tonight шетелдік бөлімшесінің НВО кабельдік және спутниктік тележелісі жаңалықтар шығарылымының басшысы Норин Жамиль, америкалық саяси технолог, Барак Обаманың қос бірдей президенттік сайлау науқанында негізгі кеңесішісі болған Роджер Фиск, ВВС телеарнасының жаңалықтар редакторы, «Эмми» сыйлығының иегері Гэвин Хьюитт, продюсер, режиссер,  «Оскар» сыйлығының номинанты Евгений Афинеевский сынды спикерлер болды.

Іс-шараның кең ауқымы мен халықаралық деңгейі еліміздің жаһандық ақпарат кеңістігіне енуіне бағытталған міндеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Форумның тиімді атқарған жұмысының арқасында еліміз беделді сарапшылар, әлемдік БАҚ, қоғамдық пікір көшбасшылары деңгейінде халықаралық қауымдастықта танылды. 

Сонымен қатар, жалпы, форумды өткізу идеясы жетекші халықаралық медиа саласында едәуір қолдау тапты. Айталық, ЕАМФ жұмысына Euronews, CNN, BBC, Associated Press Television News, Reuters, Bloomberg, New York Times, Al Jazeera English, ИТАР-ТАСС, «Новости» РАА, РБК, Russia Today, Бірінші арна, «Жихан» ақпарат агенттіктрін қосқанда,  әлемдегі 1500-ден астам беделді БАҚ өкілдері атсалысуда.

XVI Еуразия Медиа Форумының бас серіктес – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы.

Тіркеу 15 мамырға дейін ресми сайтта  қолжетімді: http://eamedia.org/ru/  Орын саны шектеулі.

Пікір қалдыру