• Валюта бағамы: USD 386.82 | EUR 428.67 | RUB 5.86 | CNY 54.95 |

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына келді

0

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Т.Рысқұлов ауданына барды. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы аудандағы бірқатар шаруа қожалықтары, өндіріс орындары мен әлеуметтік және білім, денсаулық сақтау нысандарын аралауда. Сондай-ақ, аудан тұрғындары және жастармен кездесулер өткізу жоспарлануда. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары «Луговой Жылқы Зауыт» ЖШС-нің құрама жем дайындау зауытының жұмысымен танысудан басталды.
2016 жылы құрылған зауыт бүгінде 11 пайыз қуаттылықта жұмыс атқаруда. Жылына 12 мың тонна өнім шығаруда. Кәсіпорын жүктемесін толық қуаттылығына көтеру мәселесі қаузалып отыр. Айта кетейік, зауыт толық жүктемесімен жұмыс жасаған жағдайда жылына 109 мың тонна мал азығын дайындауға қауқарлы болмақ.
Қазіргі таңда 5 адам зауыттың жұмысын дистанционды түрде басқаруда. Олардың орташа жалақысы 92000 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, мұнда өңір басшысына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жағдайы және құнарлы мал азығымен қамтамасыз ету жөнінде қысқаша презентация көрсетілді.

Пікір қалдыру