• Валюта бағамы: USD 386.91 | EUR 428.81 | RUB 5.79 | CNY 54.79 |

АЙМАҚ ТЫНЫСЫ- БИЛІК НАЗАРЫНДА

0

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барып, ауылшаруашылығы саласындағы бірқатар нысандарды аралады. Дала еңбеккерлерімен кездесіп, шаруаларға қоғамдық қабылдау өткізді. Толығырақ тілші тарқатады.

Облыс әкімі орынбасарының жұмысы Құмарық ауылында ашылған ветеринариялық пункті аралаудан басталды. Бұл 2018 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған еді. Ал, Құлан ауылындағы «Шалқар» шаруа қожалығында 1500 бас мүйізді ірі қараға арналған мал бордақылау кешені жұмыс істеп тұр. Мұратхан Шүкеев аудан атқамінерлеріне ет бағытындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтты. Шаруаның жайымен танысудан кейін аудан орталығында өткен жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасарына  бірқатар сұрақтар қойылды. Жалпы, ауданда бірқатар өзекті мәселелердің бар екендігі айтылды.

Берік НЫҒМАШЕВ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесу барысында шаруалардың да сұрақтарына мән берілді. Оларды көбіне сапалы тұқым, жанар-жағармай мәселесі мен мемлекеттен берілетін субсидияның көлемі толғандыратын көрінеді. Аймақтарды дамыту алгортиміне сай Тұрар Рысқұлов ауданына 33 индикатор белгіленсе, оның әр қайсының тиімді орындалуы жөнінде аудан басшысы облыс әкімінің алдында баяндайтын болады. Сондықтан, кез келген нәрсеге бейжай қарауға болмайды деді Мұратхан Шүкеев.

Мұратхан ШҮКЕЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жиын соңында көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікір қалдыру