• Валюта бағамы: USD 386.82 | EUR 428.67 | RUB 5.86 | CNY 54.95 |

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өтті

0

Отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды арттыру, мерейлі де сыйлы, өнегелі отбасыларды насихаттау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсының маңызы ерекше! «Мерейлі отбасы» ұлттық  конкурсының  аудандық кезеңінің  қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі болып өтті. Осы шараға қатысқан отбасыларды аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұловқұттықтап, Алғыс хат пен сыйлықтар тапсырды. Әулет мүшелеріне аудандық ақсақалдар алқасы төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы Бижанов, қатысушы отбасылар арасынан Бекқұлы Әлі құттықтауларын жолдады.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне 8 ауылдық округтен 8 отбасы қатысып, құжаттарын ұсынған. Ұлттық конкурс талаптарына сай құжаттары мен еңбек нәтижелері, қоғамдық өмірдегі қол жеткен табыстары сарапқа салынып, 4 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар-Мадимаровтар Луговой , Елшібаевтар/Жаңатұрмыс ао/, Әлілер Қарақыстақ ао/, Дәуеновтер/Ақбұлақ ао/ отбасылары;

Жанқабаевтар/Құлан ао/, Боранбаевтар /Қорағаты ао/ Исаевтар/Тереңөзек ао/Баязитовтар /Ақыртөбе ао/ отбасылары да өзіндік ерекшеліктерімен, мол жетістіктерімен дараланды.Өнегелі отбасылар көбейе берсін! «Мерейлі отбасы»  ұлттық конкурсының маңызы ерекше, сондықтан бұл шараның жалпыхалықтық деңгейде өтуі көңіл қуантады. Аталған конкурстың аудандық кезеңіне қатысқан барлық отбасылар-елге өнегелі істерімен танылған әулеттер. Отбасылық құндылықтарды насихаттап және өнегелі істерімен жұртшылыққа танылып, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген, игі істері мол  отбасылар көбейе берсін!

Пікір қалдыру