• Валюта бағамы: USD 389.94 | EUR 433.5 | RUB 6.1 | CNY 55.13 |

Тұрар Рысқұлов ауданында соңғы қоңырау сыңғырлады

0

Тұрар Рысқұлов ауданында он төрт мыңға жуық оқушы тағы бір оқу жылын аяқтап, соңғы қоңырау салтанатын атап өтті, деп хабарлайды
http://spiker.kz

Биыл 29 мектепті 596 оқушы бітіріп, оның 501-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп отыр. Түлектердің 27-і «Алтын белгі» төсбелгісін алудан үміткер болса, 14-і үздік аттестат алады. Аудан мектептерінде 1871 ұстаз қызмет атқарса, тек биылғы  жылы 24 жас ұстаз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ұстаздар қатарын толықтырды. Ауданның оқу-тәрбие саласындағы қол жеткен табыстары мен жетістіктері мол. Аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың есімін иеленген қара шаңырақта болып, ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерін құттықтады. Мектепте 78 сыныпта 1675 оқушы білім алса, оның 66-ы биыл алтын ұя мектеппен қоштасты, 9-сыныптың 103 оқушысы негізгі мектепті аяқтады. 11 –сыныпты 6 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен бітіруден үміткер болса, 9-сыныпта 6 оқушы үздік куәлік алудан үміткер, алдағы мемлекеттік аттестаттау мен ҰБТ сынағына даяр отыр. Мектеп түлегі Нұрлан Нұргерім облыстағы іргелі оқу орындары ТарМПУ мен ТИГУ ұйымдастырған байқауда осы оқу орындарына түсуге грант иегері атанса, Еркін Байекенов Сүлеймен Демирель атындағы Университеттің 30 % жеңілдігін иеленген. Кеше ғана мектеп оқушыларының жас театр үйірмесі ұжымы республикалық байқауда облыс намысын қорғап, жүлделі ІІ орынмен оралды. Мектеп ұстаздарының оқу-тәрбие үрдісіне сіңірген еңбегі де зор.

Пікір қалдыру