• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Т.Рысқұлов ауданында 40301 сайлаушы қатысты

0

          Т.Рысқұлов ауданында  15 округте 28 елдімекенде 35 сайлау учаскесінде бір мезгілде Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауына 40301  сайлаушы қатысты. Ауданда 1 жабық сайлау учаскесіжұмыс атқарды /Қайыңды ауылы, №2035 әскери бөлім/; Сайлау күнінде ауданның барлық сайлау учаскелері зор дайындықпен, ұйымшылдықпен жұмыс атқарды. Аудан тұрғындары таңнан саяси науқанға өз белсенділіктерін танытып, азаматтық парызын орындауға бір кісідей атсалысты. Ауданда алғаш рет сайлаушы атанған 238 жас, жасы ұлғайған 112 қарт  сайлаушы, 906 түрлі топтағы мүгедек азаматтар өз үлестерін қосты. Сайлау учаскелерін салтанатты жағдайда ашқан соң аудан, ауыл жұртшылығын ауылдық ардагерлер кеңесі төрағалары мен зиялы қауым өкілдері, қарт сайлаушылар құттықтады, жас сайлаушылар мен бірінші дауыс берген сайлаушыларға символикалық сыйлықтар тапсырылды.

Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Е.Жаманбаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Қ.Қ.Бижанов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы П.Ә.Сүлейменов  Құлан ауылындағы №342, №341 сайлау учаскелерінде дауыс беріп, халықпен жүздесті.

9 маусым күні өткен Сайлау нәтижесінде 35 сайлау учаскесінде сайлаушылар саны-42461; қатысқаны-40301 адам; Қ.К.Тоқаевқа дауыс бергені27435/68%/; С.Түгел-453/1%/Д.М.Еспаева-2093/5%/;А.С.Таспихов-903/2%/; Ж.А.Ахметбеков-651/2%/; Т.С.Рахимбеков-1029/3%/; Ә.С.Қосанов-7731/19%/; 

Елімізде аса маңызды әлем назары ауған саяси науқанға сәттілік болсын! Халық таңдауы-ұлт болашағы!

Пікір қалдыру