• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Т.Рысқұлов ауданында үкіметтік емес ұйым мүшелерімен аудандық семинар өтті

0

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы әріптестік рөлі» атты үкіметтік емес ұйым мүшелеріне арналған аудандық семинар өткізілді деп хабарлайды http://Spiker.kz

 «Сұлутөр» кинотеатрына ҮЕҰ мүшелері жиналды. Семинардың басты мақсаты-аудандағы ҮЕҰ мүшелері мен төрағаларын ҚР-да қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістермен таныстыра отырып, әлеуетін арттыру, белсенділікке тарту, қоғамдағы мәселелерді шешуде билік пен ҮЕҰ арасындағы қатынас аясын кеңейту, ҮЕҰ қоғамдағы рөлін көтеру, азаматтық қоғам құрудағы әріптестік әрекетіне жаңаша серпін беру. Бөлім басшысы Л.Өтеулиева  «Үкіметтік емес ұйымдар»- азаматтық қоғам дамуының жетекші факторы» тақырыбында хабарлама жасап, ауданда ҮЕҰ-мен атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Аудан  әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес жұмыс атқарады.Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы бойынша  20 үкіметтік емес ұйым Әділет басқармасының дерекқорына  тіркелген, оның ішінде: 7 қоғамдық бірлестік, 6 қоғамдық қор, 1- қоғамдық қайырымдылық қор, 4 мүгедектер қоғамдық бірлестігі, 2 корпоративтік қор.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелерімен танысу мақсатында  Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Элай-Құлан» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің, «ДОС-ТАРАЗ» бірінші топ мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің басшылары М.Т.Әденов, Э.А.Ибраимова,  Қ.Ж.Мұратбаев  өз есептерін беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.Әсіресе даму мүмкіндігі шектеулі азаматармен жұмыс атқарып отырған «Дос-Тараз» бірінші топ мүгедектері» ҚБ мен «Элай-Құлан» ҚБ жұмысы тәжірибеден өтіп, жақсы жолға қойылғаны белгілі. Жұмыс мазмұнын нақты дәлелдермен айқындап берген бірлестік басшыларының еңбегі ерекше.

 Семинар барысында «Парыз» ҚБ төрағасы Б.Әлінің, «Құлан нұры» ҚБ төрайымы Б.А.Мырзалиеваның  пікірлері тыңдалып, ұсыныстары семинарға қатысушылардың көңілінен шықты.

Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мүддесі үшін мемлекет саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда билік өкілдері мен халық арасындағы алтын көпір ретінде өз жұмысын нәтижелі ұйымдастыра алса ғана, ұтары анық. Бастысы- бірлік пен ынтымақта халық мүддесі үшін, сындарлы саясатты жүзеге асыруда көшбасшы болу, халықтың ой-өрісін, танымын арттырып, сапалы өмір сүруіне жасалатын жағдайдың оң болуына ықпал ету.

Пікір қалдыру