• Валюта бағамы: USD 386.7 | EUR 427.15 | RUB 6.06 | CNY 54.57 |

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа оқу жылында 14450-ге жуық оқушы білім алады

0

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа оқу жылында 14450-ге жуық оқушы білім алады, оның 1606-ы мектеп табалдырығын жаңа аттады. Алғашқы қоңырау салтанаты Қарақыстақ ауылдық округінің Жалпақсаз ауылында ерекше салтанатпен аталды,себебі апатты жағдайда болған бастауыш мектеп орнына зәулім де сән-салтанаты келіскен заманауи жаңа бастауыш мектеп соғылып,пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Е.С.Садырқұлов, облыстық білім басқармасының бас маманы Ж.Ы.Қалыбаева,жерлес ақын Ш.Мамасерікова мен ауыл тұрғындары, ұстаздар,ата-аналар,білім бөлімі қызметкерлері мен құрылыс мамандары қатысты. Мектептің лентасын қию құрметі аудан әкімі Е.С.Садырқұлов, ақын Ш.Мамасерікова, ауылдық ардагерлер алқасы төрағасы С. Шәділбековке берілді. Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов жаңа ғимаратты уақтылы соғып, ел игілігіне ұсынған » Құрылыс Тед» ЖШС-і басшысы Б.А.Жақсылықовқа жұртшылық атынан ризашылығын білдірді. «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты жиыннан соң мектеп оқушылары жаңа ғимаратпен танысып, аудан әкімімен сұхбаттасты, естелік суретке түсті.

Пікір қалдыру