• Валюта бағамы: USD 388.7 | EUR 428.7 | RUB 6.08 | CNY 55.46 |

Тұрар Рысқұлов ауданында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауын таныстыру бойынша актив жиыны өтті

0

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын таныстыру бойынша актив жиыны өтті. Жиынға мемлекеттік қызметшілер,ардагерлер,бөлім,мекеме,кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері,зиялы қауым өкілдері, білім,денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлері мен кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімі Е.С.Садырқұлов баяндама жасап,Жолдау жүктеген міндеттер мен оны орындау бойынша ауданда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

«Атамекен»кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Н.Ғ.Сапарбеков пен ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Е.Ж.Еспенов өз салалары бойынша Жолдауда көрсетілген ұсыныстарды қолдап,тапсырмаларды орындауға даяр екендерін жеткізсе,білім және денсаулық салаларын реформалау бойынша Б.Момышұлы атындағы орта мектеп директоры М.Қ.Мейманханов, Жаңатұрмыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Э.Т.Естемесова өз пікірлерімен бөлісті. Жиында Жолдаудың бес бағыты бойынша басымдық берілген салалардағы міндеттер мазмұны қаралып,алдағы уақытқа ауқымды жоспарлар нақтыланды. Сонымен қатар ауданның 9 ауылында облыстық және ақпараттық топ мүшелері қатысқан жиындар өтіп, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру