• Валюта бағамы: USD 388.7 | EUR 428.7 | RUB 6.08 | CNY 55.46 |

Жантүршігерлік жағдай

0

Жантүршігерлік жағдай. Жамбылда 54 жастағы әйелді туған әпкесінің иті талап тастаған. Куәгерлер, зардап шеккен азаматшаның сау жері қалмаған дейді. Айтуларынша, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары да қабаған иттің қасына жолай алмай бір сағаттай тұрыпты. Ал, дәрігерлер, келіншектің жарақаты ауыр болғандықтан, өлімнен арашалап қала алмадық деп отыр.

Екі кештің арасында көшені басына көтере шыңғырған әйелдің ащы даусы шығады. Оны естіген маңайдағы мұқым ел көмекке шақырған үйге қарай жүгіріпті. Барса көрші үйдің пидбулі бейтаныс әйелді әрі-бері сүйрелеп, талап жатқан. Содан бірі күрек, бірі сүйменді ала сала итке атылған. Алайда төбет жабысқан жерін жағалап жылжи беріпті.

Тіпті жедел жеткен тәртіп сақшылары да қабаған итті адамнан ажыратып алуға қорқып, бір сағаттай тұрған. Ал кейінірек келген бір полицей бірден тапаншасын алып, питбульге оқ жаудыра бастапты.

ӘЗИЗА НАУРЫЗБАЕВА  *** Куәгер

Бір атқанда тиді, бірақ өлмеді үйге қашып кетті. Сөйтіп ол бала жүгіріп келді де есікті итеріп тұрып, жедел жәрдемді кіргізіп, ана кісіні алып шығып, сосын итті шығарып атып өлтірді. 

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.  Айта кетейік, адамды ажал құштырған ит бұған дейін де екі адамды талаған екен.

Пікір қалдыру