• Валюта бағамы: USD 384.97 | EUR 427.12 | RUB 6.04 | CNY 54.75 |

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Алматы қаласындағы Өзбекстан және Тәжікстан республикасының бас консулдарымен кездесті

0

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Алматы қаласындағы Өзбекстан және Тәжікстан республикасының бас консулдарымен  кездесті. Кездесу барысына тараптардың өзара ынтымақтастығы, тығыз қарым-қатынасқа негізделген алдағы жоспарлы-жұмыстар сөз болды.

Алдымен  Өзбекстан Республикасының Бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездескен аймақ басшысы екі елдің іскерлік және  достық  тығыз қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.  Джизах және Жамбыл облыстарының экономикалық байланысына айрықша тоқталды.

Өз сөзінде Бас консул екі елдің іскерлік, достық байланысын атап өтіп, әріптестік қатынастың  алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Өзіне жүктелген міндет ретінде осы бағытта аянбай  жұмыс жасайтынын жеткізді.  Бүгінде Джизах және Жамбыл облыстарының өзара ынтымақтастығы арта түскен.  Ендігі кезекте өңірдегі туризм, экономика, білім, мәдениет салалары аясында қос елдің әріптестік байланысын  арттыруға бейіл екенін білдірді.       Асқар Мырзахметов  кез-келген бағытта бірлесе жұмыс жасауға, арадағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ұтымды ұсыныстарға қолдау болатындығын атап өтті. Өңірдегі өркенді істер мен тарихи Тараздың болмысын айшықтайтын баянды бастамалар туралы қонақты хабардар қылған облыс басшысы бұған дейін де  бірлескен жемісті жобалар жүзеге асып жатқанын баса айтты.

Бұдан соң, облыс әкімі Тәжікстан республикасының бас консулымен кездесті. Қос тараптың ынтымақтастығын дамыту жолында жергілікті билік қашан да әзір. Бірлесе жүзеге асыратын жобаларға барлық қолдаулар болады. Бас консул да іскерлік және достық қарым-қатынасты нығайтып, ауылшаруашылық саласында бірлесе әрекет етіп, табысты тірлік етуге дайын екендіктерін жеткізді. Әсіресе, жүзім, дәнді дақылдар, жержаңғақ өсіру  бойынша өзара тәжірибе-алмасу бағытында жұмыстар  жүргізу жоспарланды. Айта кетейік, екі елдің тауар айналымы өткен жылы 700 миллион ақш долларын құраса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1 миллиард доллардан асыру көзделуде.

Пікір қалдыру