• Валюта бағамы: USD 384.97 | EUR 427.12 | RUB 6.04 | CNY 54.75 |

ҚазАТУ үшін күз – молшылық пен берекенің мезгілі

0

ҚазАТУ дың оқу кампусының тәжірибелік алқабына отырғызылған картоп биыл да мол өнім берді, деп хабарлайды spiker.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, қоймаға жеткізілген картоп, Университеттің басқарма басшылығының шешімімен қазіргі таңда студенттерге тегін таратылуда. Атап айтқанда ең алдымен асыраушысынан айрылған студенттерге және университетте қызмет атқаратын жалғыз басты әке, жалғыз басты аналар мен көпбалалы жандарға тегін үлестірілуде.


«Екінші кезекте, өзге де студенттер, университет қызметкерлері мен оқытушыларына нарықтағы бағадан 4 есе төмен бағамен сатылуда. Бағасы 28 теңге» деп жазылған университеттік kazatu.press инстаграмм парақшасында», — деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Пікір қалдыру