• Валюта бағамы: USD 388.7 | EUR 428.7 | RUB 6.08 | CNY 55.46 |

МАҢЫЗДЫ ЖОБАНЫҢ АРҚАСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ

0

Құмарық ауылдық округі тұрғындары «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту»жобасы аясында жүргізілетін жұмыстардың нәтижелі боларына сенімді. Т.Рысқұлов ауданынының Құмарық ауылдық округінің тұрғындары үй іргесіндегі жерлерін тиімді игеріп, Жеке кәсіп ашып, өз шаруашылығын түзеп,айтарлықтай табысқа кенелуге даяр. Бүгін өңір басшысы Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың ауданға жұмыс сапары барысында аталмыш ауыл тұрғындарымен кездесу барысында айтылды.


Пилоттық жобаға енген бұл округке Құмарық, Қаракемер, Алғабас елді мекендері кіреді. Округте жалпы саны 630 аулада 3685 адам тұрады. Бүгінде ауқымды жобаға 630 ауланың 502-ісі қатысады деп жоспарланған. Атап айтсақ, 458 аула үй маңындағы жерді тиімді пайдалану бағытында, 142 аула мал шаруашылығымен айналысу бағытында кәсіптерін дамытып,шағын бизнесті дамытуға ден қоймақ.
Жобаның 3 – бағыты бойынша мал бордақылауға қажет мал азығын даярлау үшін 800 гектар егістік қажет болса, ауыл маңында жайылым жер жеткілікті.Қазіргі таңда ауылда барлық саланы қамтитын «Құмарық-Тау» АШК құрылған. Оған қажетті техника мен жабдықтар сатып алуға тиісті қаржы есептелген, сатып алу жұмысы жоспарлануда.


Облыс әкімі А.Мырзахметов баянды бастамаға ауылдықтар барынша атсалысып, өз тұмыстарын түзеп, ауыл әлеуетін арттыруға үлес қосу қажеттігін баса айтып, ауқымды жобаның іске асуына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру