• Валюта бағамы: USD 388.7 | EUR 428.7 | RUB 6.08 | CNY 55.46 |

Аcқар Мырзахметов Құлан ауылындағы орталықтандырылған ауыз су ғимаратының жұмысымен танысты

0

Құмарық ауылдық округінің тұрғындармен кездесуден соң облыс әкімі
А.И.Мырзахметов Құлан ауылындағы орталықтандырылған ауыз су ғимаратының жұмысымен танысты . Ұзақ жылдар бойы Құлан ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтуға тиіс нысанды қайта жаңғырту мәселесі көтерілді.


2003 жылы аудан аумағында жер сілкінісі кезінде ішкі құрылғылары жарамсыз күйге түсіп, содан бері аудан орталығының тұрғындары жер асты суын еш тазарту мен тұндырусыз пайдаланып келгені белгілі. Бүгінгі таңда бұл мәселенің өзектілігіне көңіл бөлген аймақ басшысы оның шешу жолдары қарастырылатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.Құлан ауылындағы орталықтандырылған ауыз су ғимаратының мәселесі көңіл бөлуді қажет ететіні сөзсіз.

Пікір қалдыру