• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

Жарқын Түсіпбекұлы: Үлкенің қызыл, кішің көк Аяз ата бол!

0

22724_913315255374462_4489564272142623932_n

Жаңа жыл мерекесінен кейін балалар Аяз ата боп ойнайтынды шығарды. Бір-бір дорба асынып, ойыншықтарын салып алады. Енді Аяз атасы құрғыр екеу болмайды, Ақшақар тағы болмайды, екеуі де ұл, намыстанады. Содан төбелеске араша болып, «үлкенің қызыл, кішің көк Аяз ата болыңдар» деп төрелігін айттым. Айтпақшы, көгі қайдан шығып еді осы? Бала күнімде бір мұғаліміме осы сұрақты қойғанда: «Бұрын туымыз қызыл болғанда Аяз ата қызыл шапан киген, енді көк киетін болды» деп жауап бергені бар. Сол есіме түссе күлем.

Facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру