• Валюта бағамы: USD 375.87 | EUR 406.24 | RUB 5.84 | CNY 53.45 |

Бақыт Қазанбасов әкім болып тағайындалды

0

Бүгін ҚР Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов Талас ауданының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды http://spiker.kz

Облыс әкімі Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бақыт Алпысбайұлы 2017 жылдың тамызынан бастап бүгінге дейін Жамбыл ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген болатын.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауданның активіне жаңа әкімді таныстырып, бірқатар өзекті жайттарға тоқталып өтті.


Айта кетейік, ауданның тоғыз айдағы көрсеткіштері кенжелеп қалған. Қылмыстар санының артуы да сан соқтырады. Бір ғана мысал, облыстың бар мектебінде бейнекамера болса тек жеті оқу орнында жоқ. Ол осы Талас ауданына тиеселі. Осыны айрықша атап ескерткен аймақ басшысы Бақыт Қазанбасовтың тәжірибесі бұл бағытта жемісті жұмыс жасауға өз септігін тигізеріне сенім білдірді.
Басты бағыт ретінде өңірдің экономикалық дамуына соңы серпін сыйлау үшін нақты жүйені қалыптастыру – негізгі мақсат болып отырғанын тілге тиек еткен облыс басшысы бұл тұрғыдағы мұрат-мүдделер ескеріле отырып, осындай шешім қабылданғанын жеткізді. Ол ғана емес, ендігі ауданның көрсеткіштерін көтеруде аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдеріне де зор жауапкершілік жүктелмек. Талап – Таластың тынысын кеңейтіп, табысын арттыру.
Ал, бұған дейін ауданды басқарып келген Досмұханбет Әлиев өз мамандығына сай басқа салада еңбек ететіні айтылды.

Пікір қалдыру