• Валюта бағамы: USD 375.87 | EUR 406.24 | RUB 5.84 | CNY 53.45 |

«Жомарт жүрек» қатысушыларына 4 желтоқсанға дейін дауыс беруге болады

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығын тағайындайды.

«Жомарт жүрек» сыйлығы – бұл «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жоба.

«Жомарт жүрек» сыйлығы халықты, бизнес құрылымдарының, ҮЕҰ, волонтерлер мен меценаттардың кіші отанын дамытуға қатысуы, қайырымдылық, филантропия және меценаттық идеяларын кеңінен тарату, ынталандыру және қызықтыру мақсатында құрылды.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі:Жыл меценаты.

Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін.Жыл тұлғасы.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін (тек жеке тұлғалар үшін).Туған өлке.

Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қалпына келтіруге және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін.Ерен еріктілік.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін.Үздік ұйым.

Әлеуметтік маңызды, қайырымдылық жобаларын және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызды шараларға бас демеушлік жасағаны үшін(тек заңды тұлғалар үшін).

2019 жылғы 4 желтоқсанға дейін қатысушыларға zhomartzhurek.kz сайтында дауыс беруге болады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Пікір қалдыру