• Валюта бағамы: USD 375.87 | EUR 406.24 | RUB 5.84 | CNY 53.45 |

АБАЙЛАҢЫЗ СНЮСТЕР!!!

0

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің CНЮС шегуге арналмаған темекі және темекі емес өнімдерді әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу туралы қаулы (№ 7-ПГВр 12.12.2019ж) шығарғаны туралы хабарлайды.


Снюс –бұл ылғалданған темекі. Ол ауыз арқылы қабылданады. Негізінен снюс хош иістендіргіштердің қоспасынсыз шығарылады, онда-темекінің дәмі мен иісі бар. Бірақ әр түрлі хош иістерімен, атап айтқанда — жалбыз, гүл, жеміс, өсімдік және басқа да дәмі бар түрлері бар. Снюс шайбаға ұқсас дөңгелек қаптамаларда сатылады.
Швецияда және Норвегияда снюс заңды түрде сатылады, ал Еуроодақтың басқа елдерінде снюсті 1992 жылдан бастап сатуға тыйым салынған. Ресейде 2015 жылдан бастап темекінің бұл түрін көтерме және бөлшек саудада сатуға тиым салынған.
Снюстің қауіптілігі — оны ұзақ уақыт ауызға салып ішке ерітіп жібергендіктен, никотин қан мен ми жасушаларына тезірек түседі. Осылайша, никотиннің ағзаға түсетін мөлшері, темекіге қарағанда бірнеше есе жоғары. «Тиісінше, тұтыну кезінде адам өміріне маңызды органдарға улы соққы алады.»


Снюстің құрамында потенциалды канцерогендік әсерімен 30-дан астам химиялық заттар бар. Ал, канцерогендер мутация және ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш және өкпенің қатерлі ісіктерінің дамуын тудырады. Сондай-ақ тістің бұзылуы, пародонтоз, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларына алып келеді.
Снюсті қолдану, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің улануын тудырып, нәтижесінде өлімге де әкеліп соғуы мүмкін. Темекіге қарағанда, снюс қысқа мерзімде тәуелділікті тудырады, ал одан құтылу оңай емес.
Снюс адамның, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына қауіпті! Сақ болыңыздар, тыйым салынғанына қарамастан, оны сауда орындарынан және интернет желісі арқылы заңсыз сату жалғасуда.
Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз бұл зұлымдықты жеңіп, балаларымызды қорғай аламыз!

Жамбыл облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпісіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметі

Пікір қалдыру