Екінші дүниежүзілік соғыс бұған дейінгі шайқастармен салыстырғанда қатыгездігімен,зұлымдығымен,алапат қуатты соғыс техникаларының көптігімен ерекшеленді. Адамның тәнің ғана емес, жан – дүниесін, болмысын, ерік жігерін, құңдылығын, асыл қасиеттерін езіп, жанышты. Адам өміріне еш аяушылық болған жоқ.Сол кезде мұны көзі ашық қазақ зиялылары білгенімен қарапайым халық,бұрын қолына қару алып, әскери сапқа тұрмаған ұрпақ соғыстың мәні мен маңызын жете түсінбесе де майданға кете берді.
Большевиктер партиясының идиологтары уақыттың қажетін дәл біліп, бұрын айтыла бермейтін, айтқызбайтын қазақ халқының ұлы тұлғаларын сахна төріне шығарып, оларды ерлікке бастар ұранға айналдырды. Аблайды, Кенесарыны, Алпамыс пен Қобыландыны, тағы да басқаларды үлгі етті. Бұл да сол уақытта қажет еді. Халықтың тұрмысын түзеуге айтарлықтай назар аудармасада ойын түзеуге бағытталған іс- шараларды шаршамай, шалдықпай, мақсатты түрде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде совет өкіметін қорғап қалуда жанын беруге даяр адамдар көбейді.
Қазақ елі Советтер Одағының құрамында болғаны белгілі. Фашистік Германия соғысты бүкіл совет халқына, яғни бізге де қарсы соғыс жүргізді. Сондықтан да, сол соғыс біз үшін жан беріп, жан алған шайқастарға толы болды. Ең бастысы, қазақ бүкіл әлемдік қауымдастықпен бірге фашизмге қарсы бір сапта тұрып күресті. Германия СССР-ға қарсы соғысты бастамас бұрын басып алғаннан өлкелерді қалай басқару керек екендігі жөнінде жоспарланып қойған еді. Жоспар бойынша Атлантикадан Сібірге дейін германиялық біртұтас этникалық-аймақтық кеңістік құру көздеген. Фашистер түрік-моңғол тектес халықты адам санатына қоспай, одан тазартуды мақсат етті. Әрине ол кезде қолына қару алып Отан үшін шайқасқан көп қазақ бұл мәселелерді біле бермеді. Дегенмен де өз сөздерін Совет халқының құрамдас бір бөлігі ретінде Отанды қорғау үшін жан аямай шайқасты.Олар қызыл империяның Ұлы Отан соғысына дейінгі залымдық саясатының салдарынан бастарынан өткен нәубетті күндерді де ұмытып тек қана Жеңіс үшін шайқасты, еңбек етті.
Киелі қазақ жері тарихқа бай. Оның әрбір тасы өткеннен дерек беріп тұрғандай. Соның ішінде көне Тараз тарихымен тамырлас Байзақ ауданының да тарихы өз алдына ерекше. Бұл аудан Жамбыл облысы әлі құрылмай, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында болған шақта 1938 жылы 4 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің № 89 қаулысымен құрылған болатын. Алғашқы ауданға компартия көсемінің үзеңгілесі Я.Свердловтың есімі беріліп, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1Оңтүстік Қазақстан облысының 1995 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 2696 Жарлығымен өлкеге осы өңірде туып өскен , XIXғасырда өмір сүрген тарихи тұлға Байзақ датқаның есімі берілді. Қазақ халқы жауынгер тұлғалы, ержүрек халық. Оның өжеттілігі мен ерлігі туралы сан алуан жыр-дастандар айтылып, өлең сөздер өріліп те жүр. Сондай-ақ оның ерлігін айғақтайтын батыр ұлдарының есімдері де ел есінде.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында адамзат баласы үшін ең ауыр зұлматтардың бірі екінші дүниежүзілік соғысында қазақ азаматтары да жан аямай,жан берісіп те жеңіске жетті.Олардың жанкештік ерліктерін уақытөте келе қолына қалам алған қаруластары,жазушы-журналистер де тебірене әңгімеге арқау етті. «Ел намысын ер қорғайды,ердің атын ел қолдайды» демекші,ел қолдаған батыр аталарымыздың сол тұстағы ерліктері бізге ертегідей көрінеді.Алайда ол шынайы өмір.
Құжаттық деректерге сүйенетін болсақ Ұлы Отан соғысы басталар алдында Қазақстанда 6,2 миллион халық тұратын болса, оның 321 мыңы Жамбыл облысын мекендеді. Архив деректеріне, сәйкес Республикадан 1196164(бір миллион жүз тоқсан алты мың жүз алпыс төрт) адам майданға аттанды. Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2010 жылығы 26 ақпандағы мәліметі бойынша облыстан майданға 41453 адам аттанған. Оның 15536сі -майданда қаза тауып, 13639-ы іс-түссіз, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Соғыс жылдары совет өкіметі Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарын және осында жер аударылып, репрессияға ұшыраған халықтардың өкілдерін арнайы еңбек армиясына шақыртылды.
1943 жылдың 1-ақпанына дейін Жамбыл облысына ресми мәліметтер бойынша Қызыл Армия мен еңбек армияларына 53268 адам алынды делінген.Соның ішінде Байзақ ауданы бойынша 3237 азамат қолына қару алып, майдан даласына аттанған.
Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының ар мен намысты биік ұстайтын, ерлігімен ұрпаққа ұран болған ата- бабаларының өсиеттеріне адал, қайтпас, мұқалмас ер халық екенің айдай әлемге паш етті.
Қазақ ерлігі соғыс басталған күннен бастап тарихи шежіреге айналды.Брест қамалында қазақстандықтар , оның ішінде нақты деректер бойынша 88 жамбылдық ерлікпен шайқасқаны анықталды.Брест қамалын қорғаушылар қасық қаны қалғанша бір қадамда шегінген жоқ.
Майданда қазақ ұландары арыстанша арпалысып,жауына жолбарыстай қайрат көрсетіп ,өліспей беріспей шайқасса, ауылда бүкіл ауыртпалықтың жүгін арқалаған жас та, кәрі де майдан үшін , Жеңіс үшін аянбай еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары да ,одан кейін де қазақ ерлігі туралы, олардың тылдағы жанкештілігі жайлы талайлар тебірене жазды. Ағылшынның белгілі публицисі, соғыс жылдары «Санди таймс» газетінің СССР-дегі тілшісі болған Александр Верт «Ресей 1939-1945 жылдардағы соғыста» кітабынде Сталинград шайқасына қазақтардың ерлігі туралы ерекше айтты. Сол жылдар СССР-дің бас газеті «Прада» қазақтардың майдандағы және тылдағы ерліктерін талай рет шынайы жазды.1961 жылы шыққан «История Великой Отечественной войны Советского союза 1941-1945 годы» атты кітабының 2-томының 155-бетінде былай деп жазылған: «В 5 тыс.километрах от фронта они дрались так же мужественнор, как их братья на фронте… Из каждых 100 тонн молибдена, добывавшегося во время войны в стране, 60 тонн давали герои балхашкской степи-горняки рудника «Восточный Коунрад». Их бессмертный трудовой подвиг вошел в историю Отечественной войны наравне с подвигами советских воинов».
Майданда 500-ден аса қазақстандық оның ішінде 100-ден аса қазақ Совет Одағының Батыры атанып,ерлігімен ел құрметіне бөленсе ,тылда майданға қажеттің бәрін бергендердің мерейі үстем болғанын жоғарыдағы және өзге құжаттар дәлелдейді .Жоғарыда келтірілген дерек бойынша әрбір он танктың алтауының қалқаны броны және өзгеде дерек көзі әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінің кен байлығынан құйылғанын анықтайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы мен 4 ұлттық дербес атты әскер дивизиясы,7 бригада,50-ге жуык полк,батальон және өзге де әскери құрамалар жасақталса , Жамбыл облысында 2 атты әскер дивизиясы , бірнеше батальон , рота және арнаулы отрядтар құрылды. Олардың бәрін киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуде жамбылдықтар ерен еңбектің үлгісін көрсетті.Сонымен бірге ,облысқа көшіріліп әкелінген 4 және жаңадан жасақталған 360 төсектік әскери госпитальды барлық керек жарағымен жарақтандыру шын мәнінде оңай шаруа болмағаны белгілі.Соған қарамастан сол жылдары жүргізілген барлық шараларға жамбылдықтар бір кісідей қатысты.Бір де бір отбасы ,бір-де бір адам қорғаныс қорына қаржы аударудан сырт қалған жоқ деп айтуға әбден айтуға болады.Себебі сол кездері қорғаныс қорына немесе тағы да басқа бастамаларға үлес халықтың келісімсіз-ақ жүзеге асып жатты.Олардың атынан қаржы аударылды , киім-кешек жиналды,сыйлықтар жөнелтілді.
Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы ержүрек, батыр, батыл, қаһарман ұлдарымен әлемге танылды. Соғыс басталған алғашқы сағаттан бастап , совет жауынгерлерінің қайтпас, қайсар екендігін бүкіл әлемге танытқан. Брест қамалын қорғау сәтінен бастап қазақ сарбаздары өздерінің ерліктерін Ұлы Отан соғысының тарихында алтын әріппен жазды.Қазір Брест қамалын қорғауда 100-ден аса жамбылдық жауынгер болғаны белгілі. Солардың 88-і есімі белгілі.
Орайы келгенде 6338 майдангер жамбылдықтың жерленген жерін нақтылаған құландық зерттеуші Бекқұлы Әліұлының Брест қамалын қорғағандардың да есімін анықтады . Олар негізінен 33-инженерлік полктың құрамындағы 140-инженерлік батальонның сапында әскери борышын өтегендер. Олар 1939 жылдың күзі мен 1940 жылдың ақпанында және 1941 жылдың маусымында әскерге шақырылған.Бресте бұлардан басқа да әскери құрамалар болғанын еске алатын болсақ соғыстың алғашқы күндері атақты Бресті қорғаған жамбылдықтардың қатары бұдан да көп болғаны сөзсіз.Соның ішінде батальон құрамында қамалды қорғаған байзақтықтарды атайық. Олар Абдрахманов Аман(Абдраман), Аманқұлов Нүсіпбай, Анаусынов Есенқұл, Байдәулетов Әшірбай, Еспаев Қалдыбай, Жамбаев Сұлтанқұл, Жамбалов Нұрыш, Жанысбаев Бектай, Жолдыбаев Мүслім, Зарлеев Абиқасым, Имамбеков Дисрет, Қозбақов Сейсенбай, Лапин Георгий Романович, Өтегенов Егемберді, Сапақов Сейділ, Сейдалиев Егімбай, Төлебеков Рахымбек, Төлендиев Құлахмет, Шалов Әбдіқадыр, жезқазғандық Төребеков Сейітқазы Төребекович – Байзақ ауданының әскери комиссариятынан алынған,… Біз есімдері атаған кейбір жауынгерлердің аты дұрыс жазылмауы мүмкін.Себебі сол жылдарда қазақтардың есімі аты-жөні қате жазылуы әдетке айналған.
Жамбылдық жауынгерлер отандастарымен бірге Сталинградты, Ленинградты, Москваны, Кавказды қорғауға қатысты. Майданның барлық шебінде ерлік көрсетіп, жауды өз ұясында Берлинде талқандап Жеңіс парадын алғаш сонда өткізді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен Жеңіс күнін жақындатқан, елінің, Отанының даңқын асқақтатқан Совет Одағының Батыры атанған байзақтық батырлардың есімін атасақ:
Байзақтық – Ақәділ Суханбаев,
Байзақтық – Семен Архипович Ларионов.
Отаны үшін кеудесін оққа тосқан.
Совет Одағының батыры Ақәділ Суханбаев 1920-1944 ж.ж.
Кешегі күндей күркіреп өткенҰлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін танытқан Ақәділ Суханбаев 1920 жылы Қарасу ауылында дүниеге келіп,1944 жылғы 31 шілдеде Полына жерінде ерлікпен қаза тапқан.Жарты ғасыр аттан түспей , жаумен жағаласып өткен Қосы Батыр ұрпағы Ақәділ Суханбаев 1940 жылы Қызыл әскер қатарына алынған.Ұлы Отан соғысында 31-ші Армияның, 174-ші Борисов Қызыл тулы атқыштар полкінің, 628-ші Гродно Қызыл тулы полькінің I батальонында бөлімше командирі болып, шайқастарға қатысты.
Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. Оның ерлігі туралы ТМД-нің Мәскеудегі Қарулы Күштер мұражайындағы стендіге қойылған Кеңес Одағының Батыры атағына ұсыну қағазында: «31 шілде 1944 жылы Стельцовизна деревнясы үшін болған шайқаста 628- Қызыл тулы Гродно полкінің 1-атқыштар батальонының 2-ротасының бөлімше командирі, қатардағы жауынгер Ақәділ Суханбаев екі қолынан бірдей жараланғанына қарамастан оқ төгіп жау пулеметіне атылды. Сөйтіп, шешуші сәтте жау оғына кеудесін төсеп, бөлімшенің алға жылжуына кедергі жасап жатқан оқ нөсерін тоқтатты. Жауынгерлік тапсырманың орындалуы үшін өз өмірін қиды деп жазылған.
Денесі майдан қолбасшысының жеке тапсырмасымен Польшада қалдырылмай , Литваның Друскининкай қаласындағы бауырластар зиратына әскери салт-жорамен жерленген . Батыр ерлікпен қаза тапқаннан кейін араға айлар салып 1945жылдың 24-наурызында СССР Жоғарғы Советі Призидиумының Жарлығымен Совет Одағының Батыры атағы берілді . Небәрі 24 жасында ерлікпен қаза тапқан Ақәділ Суханбаевтың есімі, ерлігі Қазақстан емес, Ресейде, Белоруссияда, Литвада ерекше қадірленіп келеді. Жеке қаруы Мәскудегі ТМД елдері Қарулы Күштері мұражайына қойылған. Беларусиядағы Гродно қаласындағы үлкен көшелердің біріне оны азат еткен қазақ жауынгерлерінің есімі берілген. Осындағы 74-ші кәсіптік – техникалық училищеге ескерткіш-тақта ілінген. Ақәділ есемімен туған ауылындағы орта мектеп, Тараз қаласындағы үлкен көше аталады.
1974-жылы А.Суханбаевтың ерлігінің 30 жылдығы сол кезгі Одақ көлемінде тойланып, ол жерленген Литваның Друскининкай қаласында Жамбыл облысынан бір топ делегация барған.
Тәуелсіздік алған жылдары да бұл дәстүр жалғасын тауып, 2000 жылы А.Суханбаевтың туғанына 80 жыл толуы қарсанында бір топ делегация батыр шайқасқан жерлерде, Мәскеуде, Белоруссия мен Литвада болып қайтты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы қарсанында Тараз қаласындағы Қонаев көшесінің басталар тұсындағы кең алаңға , қалалық әскери комиссариат ғимараты алдында оның ескерткіші орнатылды. Оның ашылуы рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
Жыл сайын 31 шілдеде А.Суханбаевтың ерлік жасаған күні еске алынып, жұрттшылықтың ескерткішке гүл қою рәсімі өтеді.
Туған елінің даңқын шығарған Ақәділ ерлігі жайлы көптеген шығармалар жазылып,бейнефильмдер түсірілген. Солардың ішінде Арғынбай Бекбосынның «Соңғы сезім» (бастапқы аталуы «Нюрнбергтен бұрын») тарихи-қаһармандық қасыретнамасы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театырында және Республиканың басқа да театрларында қойылды. Ал белгілі журналист Тұрсынхан Толқынбаев «Жай отындай жарқ еткен» атты деректі хикаят жазды.
Ұлтымыздың мақтанышы Бауыржан Момышұлы «Ерлік туы –намыс » дегенде ертеде өткен батыр бабаларымыздың ерлік өнегесінен де ой түйіндеген болар.
ЕРЛІГІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН.
Совет Одағының Батыры Семен Архипович Ларионов
1915-1984 ж.ж.
Мордваның батыр ұлы Семен Архипович Ларионов Татарстанда туғанымен 1934 жылдан бастап, Жамбыл облысында тұрды. Свердлов ауданының Ново-Ивановка машина-трактор станциясында трактористер курсын бітіргеннен кейін осында еңбек етті. Іскерлігімен көзге түскен ол көп ұзамай трактор бригадасының бригадирі болды. 1938-1940 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Архив құжаттарында оның отбасы 1934 жылы Жамбыл облысының Ақкөл ауылына көшіп келгендігі,сонда тракторшылар курсын бітіргені, Самарқандта монтер мамандығын игергені айтылған.
Ұлы Отан соғысы жылдары ол ең алғаш рет Смоленск бағытында неміс-фашистермен бетпе –бет келіп, танкіге қарсы зеңбірегімен жаудың 6 дзотын және 9 пулемет нүктесін жойды. Жерлесіміз әр шайқастан кейін шыңдалып, шарықтанып шықты. Ол Орталық майданның құрамында жаумен шайқасқанда жаудың тағы да 8 пулемет нүктесін, 7 минометін, 200 жаяу әсерін және оқ дәрі тасып жүрген көліктерін тас-талқан етті. Ол жау нүктелерін дәл ату үшін үнемі зеңбірегін алғы шепке жақындатып орнататын. Сондықтан да кейбір жағдайларда жау қоршауында да қалып қоятын, 3 рет ол жау қоршауында қалып, оны бұзып, өз майдандастарына қосылды.
Кейінірек ол өзінің естелігінде былай деп жазды. «Біз екеуміз ғана қалдық». Мен және көздегіш Новиков. Гитлершілер жеңістерін тойлап, бізді талқандадық деп ойлады. Алайда біз бір қадам да артқа шегінбей олармен жан аямай шайқастық. Жаудың тұтқыны болғанымызша өлгеніміз артық деп серттестік».
Олардың оқ-дәрісі жеткілікті болатын. Сондықтан да жаудың әрбір шабылуын тойтарып отырды. Осы шайқаста Ларионов пен Новиков жаудың 2 взводын және 2 офицерін жер жастандырды. Жау кейін шегінді. Осы шайқастың нәтижесінде қоршауды бұзып шыққан олар 6 тұтқын алып,совет әскерлеріне қосылды. Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Семен II-дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.
Барлығынан да 1943 жылдың күзінде Днепрден өту шайқасы оның есінде мәңгі қалды. Днепр үшін шайқас Ұлы Отан соғысының ең сұрапыл шайқастарының бірі болды.Днепрден өтуде совет жауынгерілері көп шығынға ұшырады.Неміс-фашистері Днепр шайқасынан кейін әлсіреп,кейін шегінді.
Семен Архипович Ларионовтың взводына 237-атқыштар полкінің қолбасшылығы нақты тапсырма берді.13 адамнан тұратын 2 зеңбіректің жасақтары түн жамылып, Днепірден өтіп, қарсы беттегі биіктікті алып, дивизияның негізгі күшінің өтуі үшін жол аршу тапсырылды.Бұл 1943 жылдың 16 қазан күні болатын. Артиллеристер түн жамылып, Гомель облысының Саевск ауданының Щитцы деревнясының маңынан 2 қайыққа зеңбіректерін тиеп, оң жағалауға қарай жылжыды. Зуылдаған оқ, жарқыраған снаряд, прожекторлар өзеннің бетін жарқыратып жіберді. Фашистер өтіп келе жатқан совет жауынгерлерін тоқтаусыз атқылады. Бұлар да бар күштерін салып,ескек есіп,жағаға жақындай түсті.Табандары жерге тиер тиместен жандарына келіп жарылған ауыр снарядттың екпінінен екі қайық та аударылып қалды. Жан тәсілім жасап,бар күштерін жұмсап,зеңбіректерді орнықтырып судың ішінен жағаға оқ ата алға ұмтылды. Жағаға жетпестен ақ 5-6 жауынгер оққа ұшты. Соған қарамастан Семен бастаған артеллиристер алға ұмтылып , биіктікті алды.Таң ата жау бекінісін тас талқан еткен взвод ртеллиристері өздеріне қойған міндетті орындады. Сол биіктікте тұрып,жаудың атыс нүктелерін бірінен соң бірін қиратты.
Семен Ларионовқа Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы 30 қазанда Совет Одағының батыры атағы берілді.Батырдың ерлік жолы одан кейін де жалғасты.Ол Александр Невский II-дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.Бұл қуанышты естіген Ново-Ивановка машинатрактор станциясының жұмысшылары өздерінің митингісінде Семеннің осындай жоғары атаққа ие болуымен бір-бірін құттықтады. МТС-і ең озат Семенов басқаратын бригадаға Совет Одағының Батыры С.А.Ларионов атындағы бригада деген атақ берілді. МТС механизаторлары Семенге жолдаған хаттарында оның Совет Одағының батыры атағын алғаннан кейін ауылға келуі және көптеген кездесулерге қатысуы еңбекшілерге үлкен рух бергендігі туралы жазған. Жеке басында осындай құрмет көрсеткендері үшін жерлестеріне алғысын жеткізген батыр 1947 жылы Совет Армиясы қатарынан елге аман-есен оралды.1949 жылы Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебін бітіргеннен кейін партия органдарында еңбек етті және Жамбыл облысындағы колхозаралық гидроэлектр станциясы құрылыстарын басқарды. Өмірінің соңғы жылдарын Меркіде өткізді. Сондықтан да 2014 жылдың желтоқсан айында Меркі ауданының орталығында Меркілік Совет Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлерінің аллеясында Батырдың аты-жөні жазылған тақта орнатылды.
Ер есімі ел есінде …
Ия,Ұлы Отан соғысынан кейін Жамбыл облысынана бірнеше Совет Одағының Батыры келіп еңбек етті, өмір сүруді, рухы мәңгі сая тапты, сондай-ақ бірнеше Батырдың ата-анасы Жамбыл жерін уақытынша болсада мекен етті. Қандай-да болмасын олар өлкеміздің өркендеуіне, жастарға патриоттық тәрбие беруге ықпал жасағаны анық. Ерлердің даңқы мәңгілік. Оларды құрметтеу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың азамматтық парызы.
Дмитрий Стариковтың, Александр Миннің есімдері Байзақ ауданына қатысты барлығы жөнінде мұрағат құжаттарында кездесіп, біздерді біраз ойландыратын мәселелер туындайды. Алайда олардың бірінін де табаны мұнда тимеген және әскери тәртәпке сәйкес Батыр қай өңірдің әскери комиссариятынан алынса, сол жердің батыры саналатындығынан бұл Совет Одағының Батырлары, қазақстандық, тіптіБайзақтық азаматтары деп те атай алмаймыз. Бірақ соғыс одақтың тұрғындарына ортақ еді. Сондықтан да пәлен жердің батыры, түген жердің батыры демей, оларға лайықты құрмет көрсетуді құптап отырмыз. Байзақ жеріне қалай болсада қатысы бар Батырлар туралы Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының 1110 –қорының 26, 27, 28, 29, 36 істерінде және 399-қордағы 2-тізімдеменің 2466 ісінде мақтаулы мұрағат құжаттары негізінде қысқаша деректер келтірейік.
Сонымен қатар Жамбыл жеріне өздері келмегенімен , олардың туған-туыстары , ата-аналары кейіннен осында қоныс тапқан батырлардың есімін де ұлықтағанды жөн көрдік. Олар Александр Мин және Дмитрий Стариков. Бұл батырлардың тағдыры мен ерлігі жайында нақтырақ жеке-жеке айтамыз.
2018 жылы 9 мамырда Б.Момыш ұлы атындағы саябақтын қайта жаңартудан кейін, мемориалдық ерлік кешенінде жекеленге тұғырларда 48 кеңес одағының батырларының есімдері тасқа қашап жазылған. Соның ішінде Дмитрий Стариков пен Александр Минның есімдері жазылған.
Александр Мин -1915 жылы Приморье өлкесінде туған. Тағдырдың айдауымен 1941 жылы Саратов қалалық әскери комиссариатының майданға шақырылған. 1944 жылы хабар ошарсыз кеткен. 1941 жылы әскерге шақырылған, ол Рязань әскери училищесін бітіріп, Москваны қорғауға қатысады. Курск доғасында лейтенант А.П.Мин неміс әскерлерінің төрт рет қарсы шабуылына тойтарыс беріп, өзінің батыр да, батыл жауынгер екенің танытады. Осы шайқастан кейін оның ерлігі жоғары бағаланып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 1944 жылы батальон командирі капитан Александр Мин бірнеше Беларусь майданының 65 –армиясының 132 атқыштар дивизиясының құрамында Украинаны азат етуге қатысады. Осы шайқастарда ерлік көрсетіп, жауынгерлерді жеңіске бастай білгені үшін 1945 жылдың 24-наурызда СССР Жоғарғы Советі Призидиумының Жарлығымен өлгеннен кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Кәріс халқының батыр ұланының рухы Украинадағы Волынь облысының Луков кентінде мәңгі сая тапқан. Оның бауырлары Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Бурыл ауылында тұрған. Сондықтан да мұрағат құжаттарында оның отбасының тұрмысы жайлы құжаттар жинақталған.
Дмитрий Стариков— 1921 жылы 1 мамырда Краснодар өлкесінде дүниеге келген.1939 жылы әскери-теңіз флотында қызмет етеді.Ұлы Отан соғысы жылдарында ұшқыш Дмитрий ерекше ерлігімен көзге түсті. Қырым мен Севастопольді қорғауда 113 рет аспанға көтеріліп, 8 рет әуе шайқасына қатысып, 25 рет жау шебін бомбалады.1943 жылдың қазанында әуе шайқасында ол бірден жаудың 4 самалетінатып түсірді. Бүкіл соғыс кезінде Д.Стариков 399 рет әуеге көтеріліп, 26 рет шайқасқа қатысып, жаудың 11 самалетін атып түсірді.1944 жылы 21-қаңтарында аға лейтенант Дмитрий Стариковқа ерлігі мен батылдығы үшін Совет Одағының Батыры атағы берілді.Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарда батыр 1947 жылы 2 қазанда Сани қаласында жол оқиғасынан қайтыс болғандығы және сонда жерленгендігі айтылады.

Соғыс жылдарында және одан кейін Дмитридің Стариковтын анасы Ново-Ивановкада, Александр Миннің бауырлары Бурыл ауылында тұрып, еңбек еткен. Сол себепті екі батырдың есімі де Жамбыл өңіріне қатысты айтылып жүр.