SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 443.5 | EUR 479.47 | RUB 5.79 | CNY 62.51 |

БАС ДӘРІГЕР ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ ВИДЕОҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

0

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері парамен ұсталды.

Ол мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша құрғақ балалар тағамын жеткізуші кәсіпкерден 800 мың теңге көлемінде пара талап еткен екен. Ал кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарына шағым түсірген.



Күдікке іліккен бас дәрігерді құрықтауға келген мамандар кабинетті толық тінтіп шығады. Бірақ «белгіленген» ақша табылмаған. Әккі басшы қомақты қаржыны өзінің қабылдау кабинетінің кіреберісіндегі ұялы телефон қоятын жәшікке салып қойыпты. Қазір бұл іске қатысты барлық шаралар аяқталған. Меркі аудандық ауруханасының бұрынғы басшысы кінәсін толық мойындап, 3 жылға темір торға жабылды. Сондай-ақ, ол өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылып отыр.
СНХ: ЖАСҰЛАН КЕРІМБАЕВ, СЖҚА ЖОБ департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
\2 млн 800 мыңның 2 млнына зат беріп, 800 мыңын пара ретінде талап еткен. Яғни, 3\1 бөлігін біізге бересің деген.\

Пікір қалдыру