Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім беру гранттарын бөлу қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы қаралды.
Білім мекемелерінің ұсынған мәліметіне сәйкес, бітіруші мамандардың жұмысқа орналасуы әр мамандық бойынша 85-100% аралығын . 2017-2019 жылғы мәліметтерді нақтырақ келтірсек:
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ берген мәліметі бойынша аталған жылдары грант жүйесімен бітірген 644 түлектің 593-і, яғни 92%-ы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан. Ал, бітірушілердің өздерімен тілдесу арқылы алынған ақпаратар олардың 331-ң, яғни жартысының ғана еңбек нарығынан орын алғанын көрсетті.
Тараз педагогикалық университеті бойынша жасалған зерделеу де осыған ұқсас жағдайды көрсетті. Университеттің өз мәліметінше, аталған жылдары грант жүйесімен оқу орнын 778 маман аяқтап шықса, оның 694-і (88%) өз мамандықтарымен жұмыс тапқан, алайда университет түлектерінің өздерінен алынған жауаптарға сәйкес, 446 бітіруші (56%) жұмысқа орналасқан.
Ал, облыстық білім басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес,облыстағы мемлекеттік колледждерді оқу гранттарының негізінде 11 681 маман аяқтап шықса, оның 6234-і, яғни 53% жұмысқа орналасқан,ал бітірушілермен жүргізген сұқбат барысында 44% ғана өз мамандығымен жұмыс істеп жатқандығы анықталды.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дегі «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы» мамандығын игерген 61 түлектің жұмыссыз жүрген 38-ң әрқайсысына 400 теңгеден 4 жылда 1,6 млн теңге бөлінгенін ескерсек, мамандар даярлауға бөлінген 60,8 млн теңгенің тиімсіз жұмсалғанын көруге болады . Осындай жағдайлар басқа университеттер мен колледждерде кездеседі.
Жоғарыдағы мәселелерді талқыланып, төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына
– Бірдей және ұқсас мамандықтар бойынша білім беретін колледждерді біріктіру және жабылған филиалдарға айналдыру жұмыстарын қолға алу;
– Жұмыс берушілерден оның ішінде ірі кәсіпорындардан қажетті мамандар жөнінде тікелей ақпарат алып отыру; - Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне:
– Облыстағы оқу орындарының білім сапасы мен бюджетін тиімді пайдалауын бақылауға алу;
– Колледждерді, олардың оқытушыларын аттестациялау жұмыстарына «Жамбыл- адалдық алаңы» ЖО өкілдерін қатыстыру: - Жамбыл облысының жоғары оқу орындарына:
– Жұмыс берушілерден, оның ішінде ірі кәсіпорындардан қажетті мамандар жөнінде тікелей ақпарат алып отыру.