SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 76.41 | EUR 13.91 | RUB 325.77 | CNY 133.46 |

Дуайен — Кувейт мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Швейцария елшісімен дипломатиялық кездесу өткізді

0

Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпустың басшысы Кувейт мемлекетінің Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тарек Абдулла Аль-Фарадж Швейцарияның Қазақстан мен Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмидті қабылдады.

Басқосуда дуайен ретінде Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза саяси байланысты, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтудағы Швейцария елшісінің қол жеткізілген жоғары деңгейін атап өтіп, әріптестікті кеңейтуге өзара бейілділігін растады. Сонымен қатар, дуайен мырза Урс Шмидттің Қазақстан мен Тәжікстандағы 4 жылдық дипломатиялық миссиясы кезінде Қазақстан мен Швейцарияның мемлекеттер ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге үлкен үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Қазақстандағы дипломатиялық корпус атынан Тарек Абдулла Аль-Фарадж елші Урс Шмидтке естелік үшін кәдесый тарту етіп, алдағы қызметіне сәттілік пен абырой тіледі.      

Пікір қалдыру