SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 77.39 | EUR 13.67 | RUB 318.7 | CNY 129.58 |

Кувейт және БАӘ елшілері кездесті

0

Қазақстан Республикасындағы Кувейт мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Тарек Аль-Фарадж Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Аль-Джаберді қабылдады.

Айта кету керек, Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Аль-Джабер мырзаның жуырда Қазақстандағы өкілеттілігі аяқталуда. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Достық» орденін табыстаған болатын.

Екі мемлекеттің де Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына ширек ғасырдан аса уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы аумағында бірнеше мәрте бірлескен жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Соңғы өткізілген шаралардың қатарында «Мемлекеттерді біріктере» атты дипломатиялық кеші мен халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне бірлесе атсалысқан жұмысты ерекше   атауға болады. Оның үстіне, қос мемлекет тағдырлас, бірлес.

Саяси саладағы қатынастарға тоқталсақ, БАЭ мен Кувейт мемлекеттерінің Қазақстанмен арадағы өзара сенімге негізделген тығыз байланыстардың жыл сайын артп келеді. Жоғары деңгейдегі ресми және жұмыс сапарлармен алмасу жүзеге асуда. Олар бүгінгі таңда олар түрлі халықаралық, өңірлік ұйымдарға мүше, оның ішінде Шығанақтың араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің және тағы да басқалары бар.

Жалпы, кездесу соңында елші Тарек Аль-Фараж БАӘ елшісіне сәттілік пен алдағы жұмысында абырой тіледі.

Пікір қалдыру