• Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

Мойынқұмда мемлекеттік қызметкерлер екпе салғызуда

0

Мойынқұм ауданында коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары санатына кіретін медицина, білім, басқа да салалардың қызметкерлері бастаған 430-дан аса аудан тұрғындары COVID 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алды. Бүгінде екпе алғандардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Өз денсаулығын корнавирус инфекциясынан сақтаудың бірден бір жолы ол ерікті түрде екпе салдыру екенін мойындаған Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Несіпбаева Жанар Қызырәліқызы, аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Рашид Мұстафаев та бар. Олар екпе қабылдар алдында дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң алғашқы егуді қолға алды.
Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Екпе салдыру Covid 19 вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылады.

Пікір қалдыру