SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 443.5 | EUR 479.47 | RUB 5.79 | CNY 62.51 |

Тараз қаласының көше жолдары қайта қалпына келтірілуде

0

«Сапалы жол» жобасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп жүргізілген мониторинг нәтижесінде қалада бірқатар көше жолдары бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегендігі анықталды.

Сондай көшелердің бірі Айтиев көшесі.
Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жауапты мекеме — «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС облыстық филиалы.

Мониторинг нәтижесінен кейін енгізілген ұсынысқа сәйкес аталған мекеме Айтиев көшесінде қайта қалпына келтіру жұмыстарын толықтай орындады. Алдағы уақытта Желтоқсан көшесі бойында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру