Facebook әлеуметтік желісі «ұнайды» (Like) батырмасының мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді қолданушылар «ұнайды» батырмасымен қатар, түрлі көңіл-күйін жеткізетін 5 батырманы қолдана алады, деп хабарлады Facebook компаниясының баспасөз қызметі.
«Біз қолданушыларымыздың түрлі жаңалықтарға көңіл күйлерін оңай жеткізе алатындай жағдай жасалу керек деген ұсыныстарымен санасамыз. Сондықтан да біз «ұнайды» батырмасының жұмысын кеңейтіп, жаңалықтарға дұрыс пікірін жеткізу мүмкіндіктерін кеңейттік»,- делінген хабарламада.
Жаңа батырмаларды көру үшін, «ұнайды» батырмасын басып тұру керек.
Әзірлеушілер сондай-ақ, жаңа батырмаларды қосар алдында сауалнамалар жүргізіп, адамдарың қандай көңіл күйлерін жиі жазбаларда білдіргісі келетіні туралы зерттегенін атап өтті.
Дерек көзі: 7kun.kz