Тараз қаласы, Талас мөлтек ауданының көше бойындағы жасыл желекті жайпап тастаған жағдай анықталды. Белгілі болғандай бұл азаматтың ағашты кесуге рұқсат қағазы болған. Бірақ отап тастауға емес, бұталауға берілген. Алайда асыра сілтеп жіберген азамат 17 талды бел ортасынан кесіп тастаған. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев оқиға орнына барып мәселені барлады. Қазір қоршаған ортаны қорғау полициясы тергеу жұмыстарын бастады. Астын сызып айта кетер жайт, әлеуметтік желіде айтылғандай бұл ағаштар түбінен емес 5-6 метр діңгегінен кесілген яғни көктейді. Дегенмен қаладағы ағаштардың басым дені ескіргенін ескерген жөн. Қалалықтарға желілердің үп еткен желге үзілетіні жасырын емес. Сондықтан қураған, қауіп төндірген ағаштарды ғана бұталап отыруға рұқсат беріледі.