SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 76.92 | EUR 14.25 | RUB 312.47 | CNY 136.7 |

Құлан жерінде дүбірлі шара өтті

0

Дулат баба ұрпақтарының ұйымдастыруымен Құлан жерінде дүбірлі шара өтті. Демеушілер есебінен тұрғызылған баба кесенесі салтанатты жағдайда ашылып, қазақ елінің түкпір-түкпірінен баба ұрпақтары жиналып, құран бағыштап,ас берді. Айтулы шара алдымын халықаралық ғылыми-практикалық конференциямен Тараз қаласында басталып,Тұрар Рысқұлов ауданында жалғасын тапты.Кесенеге екі мыңға жуық баба ұрпақтары, аудан тұрғындары мен қонақ тары жиналды.

Онда жұртшылықты М.Х.Дулати қоры төрағасы Мұсабек Әлімбеков пен мемлекет және қоғам қайраткері,экономика ғылымдарының докторы Өмірбек Байгелді ағаларымыз құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. Баба рухына құран бағышталып, келген жамағат кесене маңында ақ-ниет тілекке ұштасқан бабаға құрметін көрсетті.

Дулат бабаның құрметіне басталған дүбірлі шара Құлан ауылының орталық алаңында мерекелік шарамен жалғасын тапты. ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев бастаған Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен айтулы айтыс ақындарының сөз сайысымен жалғасын тапты.

Пікір қалдыру