• Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

100-ге жуық қонақ шақырып той өткізіп жатқаны анықталды

0

Аудан әкімінің 2021 жылдың 23 ақпанындағы «Карантин режимін бұзудың алдын алу, оны анықтау, жеке және заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту және карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарға тексерулер ( мониторинг) жүргізетін мобильдік тобын құру туралы номері 68 өкімімен аудандық 4 топ құрылған. Осы өкімге негізінде және елімізде коронавирус індетімен ауырғандар саны күрт өсуіне байланысты ауданда індетті өршітпеу мақсатында бүгін мониторингтік топ мүшелері Мойынқұм ауылындағы барлық мейрамханаларға зерделеу жүргізді. Зерделеу барысында «Бақсарай» мейрамханасында сағ.15.00 шамасында «С» есімді азаматтың той жасап шамамен 100-ге жуық қонақ шақырып той өткізіп жатқаны анықталды. Мониторингтік топ мүшелері тойға келгендермен карантиндік режимді сақтау өз өмірлерін сақтаудың кепілі екені туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, топ мүшелерінің қатысуымен тойхана иесі мен той иесіне актілер толтырылды, Зерделеу тобы сондай ақ «Сәуле» және «Мойынқұм» мейрамханасында болып онда ешқандай іс шара жоқ екеніне көз жеткізді. Алдағы уақытта бұл зерделеу шаралары тұрақты жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру