• Валюта бағамы: USD 89.33 | EUR 12.99 | RUB 333.86 | CNY 171.61 |

Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Жамбыл облысы әкімінің қабылдауында

0

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов ағымдағы жылдың 1 — 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында  нәтижелі өнер көрсетіп, жеңіспен оралған жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржынын 11 медальмен толықтырған.

Облыс әкімі спортшылардың жетістігімен бірге  жаттықтырушыларының да елеулі еңбегін айрықша атап өтті. Облысымызда  спорт саласында атқарылып жатқан шаралар мен оң көрсеткіштерге тоқтала кетіп, мемлекет тарапынан да ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқандығын атап айтты.

Сурдлимпиадалық ойындарында еркін күрестен  екінші орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, және дзюдодан 2 орынды жеңіп алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Ал, таэквондодан үшінші орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен үшінші орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан үшінші орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды. Сондай ақ, жеңімпаздардың тренерлері де назардан тыс қалмады. Жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевті (жүзу) және спортшыларды алғыс хатпен марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады.

Бұдан бөлек дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға да естелік сыйлықтар берілді.

Спортшылар мен жаттықтырушылар облыс басшысы Нұржан Нұржігітовке ризашылықтарын білдіріп, спорт кешені мен арнайы жатақхана қажет деген өз өтініштері мен ұсыныстарын да айтып өтті.

Аймақ басшысы айтылған ұсыныстар мен өтініштердің міндетті түрде назарға алынатындығын айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру