• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

«Асар» оңалту орталығында иппотерапия жаттығулары жүргізілуде

0

Былтырғы жылдың наурыз айында ашылған «Асар» оңалту-сауықтыру орталығында науқас балаларды атпен емдеу курстары жүргізілуде. Еске сала кетсек, Мамыр саябағында орналасқан кешеннің жалпы ауданы 0,9 гектар аумақты алып жатыр. Орталық бір мезгілде 60 келушіге қызмет көрсете алады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі ересек адамдарды оқытып мамандық алып, өз кәсібін ашуына барлық мүмкіндік қарастырылған.

Сондай-ақ, тірек іс-қимылында ақауы бар балаларға да медициналық көмек  көрсетіледі. Ол үшін орталықта 30 кабинет, 8 шеберхана арнайы тігін машиналары, лазер, тоқу, фрезер, ұнтақтағыш, бұрғылау станогтарымен басқа да оқу жиһаздарымен жəне сауықтыру шараларына арналған құрал-жабдықтар соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталып, 51 адам жұмыспен қамтылған.

Осы орталықтың жанынан ашылған Иппотерапия курсына  келетін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны күннен-күнге артып келеді. Иппотерапия (грекше hippo — жылқы) — жылқының қимылымен емделу, физиотерапиялық жаттығулар. Альтернативті медицинаның бұл түрінің таралуына даттық әйел Лиз Хартел себепші болған. Спортшы болған Лиз Хартел ауруға шалдығып, мүгедектер арбасына таңылады. Өзінен күш-жігерінің мықтылығымен сал күйінде үздіксіз жылқыға мініп, сауығып кетеді. Нәтижесінде ат спортымен айналысып, жылқы жануарының  тірек-қимылында ақауы бар жандарға көмегі бар екенін елге жеткізеді.

Елімізде  бұл оңалту әдісі ХХ ғасырдың 90 -шы жылдарының басында пайда болды. Ғалымдардың айтуынша, атқа міну балалар мен жасөспірімдер денсаулығының көптеген ауруларын түзетеді, сонымен қатар ол көптеген психологиялық мәселелерді шешеді.

Расында, иппотерапия көптеген аурулардың оңалуына айтарлықтай септігін тигізеді. Атап айтсақ,  паралич, тірек-қимыл функцияларының бұзылуы, сезім мүшелерінің зақымдануы — соқырлық, саңырау, психикалық ауру — аутизм, невроздар, шизофренияның кейбір түрлері, ақыл -ойдың артта қалуы, ақыл -есінің артта қалуы, даун синдромы және т.б. ауруларға таптырмас ем.

  • Мүмкіндігі шектеулі адам иппотерапия сабақтары арқылы өзінің денесін, кеңістігін сезінуді үйренеді, атап айтқанда көру бұрышын өзгерту арқылы. Әдетте мүгедек арбасына отыратын және барлығына жоғары қарайтын адамның өзін -өзі сезінуін жеткізу қиын. Кенеттен ол айналасындағылардың ең ұзынынан бірнеше бас биік болып шықты және барлығына тәуелсіз қозғала алады. Атқа міну дағдысы ірі жануарды басқаруға мүмкіндік береді. Адам өзінің жетістіктерімен мақтана бастайды, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, өзін-өзі бақылауы жақсарады, баланың қарым-қатынас мүмкіндіктері кеңейеді. Қозғалыссыз отыратын мүмкіндігі шектеулі жанның бүкіл денесі аттың жүрісімен қимылға түседі. Осылайша аурудан айығу процесстері басталады, — дейді орталық мамандары.

 

Пікір қалдыру