• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Тендерлік текетірес

0
Сапарбаев әкім болған жылдары тендрдің құлағын Жандос Байырханов деген дәу ұстаған. Жандостың аты тендрмен қатар жүретін. Қалаған компаниясына беру, келіспегендерді шеттету, күш көрсету, тартып алу деген тенденция қалыптасты. Сол үшін де бүкіл облыстың тендрін бір қолға біріктіретін мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылған. (КГУ) Бұл кәдімгі миллиардтар қайнап жатқан үлкен қазан! Күштеріне қарай қол салып бірі қарпып, екіншісі тартып жеп, үшіншілері қаспағын жалап қанталапай жасайтын жер. Қазір Сапарбаевта, Байырхановта жоқ! Бірақ, солар салып берген сара жол қалған сияқты. Нұржігітовтың кезінде де белгілі бір компаниялардың ғана мүддесін қорғау, қалғандарын конкрустан заңсыз құлату жалғасып келеді. Әлбетте жаңа әкім майлы жілікті тікелей қадағалап отыру үшін мемлекеттік сатып алу басқармасына өз адамын отырғызды. Бүгінде Байырхановтың рөлін Тәжібеков Дәурен Бейсенбекұлы жалғастырып отыр. Биографиясына қарасақ жаңа әкіммен біраз жерде жұмыс істеп тастапты. (Ол туралы бөлек) Осы сенімді кадр Жамбылдағы біраз құрылыс компанияларына көпе-көрнеу қысастық жасап отыр. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, «Әль Мансұр» деген облыстағы ірі құрылыс компаниялардың бірі 1млрд 690 млн 605 мың 300 теңгенің конкурсына қатысады. 7684509-1 нөмерлі, 48449350-ОК2 лот бойынша. Әліне қарай әр компания бағаны төмендетіп ұсынады. Оны қазір «скидка» дейтін болды. Конкурсқа қатысқан бес компанияның ішінен ең төменгі баға ұсынып, 5 пайыз скидка береді. Бұны теңгеге шақсақ 90 млн төмен баға! Қалған қатысушылар не бәрі 1 пайыз бен 3 пайыз аралығында скидка ұсынады. Алайда соған қарамастан әр түрлі себептермен «Әль Мансур» компаниясы конкурстан шеттетіледі.
Есесіне Дәурен Тәжібеков басқаратын мемлекеттік сатып алу басқармасы 1 пайыз скидка берген «Компания Сырым Блеке» фирмасын жеңімпаз деп танып, келісім-шартқа отырады.
Барлық фирмалардың скидкасы:
ТОО «Тараз строй — 2004» — 3%
ТОО «Интеллект Азия» — 0%
ТОО «Компания Сырым Блеке» -1%
ТОО «КазМунай Курылыс» — 2%
ТОО «Әль Мансур — 5%
Бұл жерде мемлекетке 90 млн үнемдеп ұсыныс берген «Әль Мансұр» компаниясынікі жөн бе, әлде 1 пайыз скидкамен ұтып кеткен «Компания Сырым Блеке» фирмасы тиімді ме деген заңды сұрақ туады? Әлде, акимат үшін ақшаны үнемдеп, басқа жобаларға жұмсаудың орнына өздеріне қолайлы компанияға бере салған пайдалы ма?
Әзірге «Әль Мансұр» серіктестігі тапсырыс берушілердің бұл шешімімен келіспей, облыстық мемлекеттік ішкі аудитке арызданады. Бір қызығы мұндай тендрлік текетірестерде облыстық әкімдік пен облыстық аудиттің позициялары бір болып шығады. Ол түсінікті де. Мұндай млрдттар ойынында тексеруші, қадағалаушы органдардың өзіндік үлесі болады. Әлгі сөз басында айтқан үлкен қазаннан әркім өз сыбағаларын алуы керек!
Бұл жерде де осындай құйтырқылық жатқаны айқын. Ал тағы бір қызығы дәл осы облыстық департаменттің Астанадағы басшылығы, яғни қаржы министрлігінің мемлекеттік ішкі аудит комитеті есі дұрыс шешім шығарып «Әль Мансур» компаниясының дұрыстығын, бұл жерде конкруска жіберілмейтіндей еш негіз жоқтығын толық түсіндіріп жауап хат жолдайды. Және бұл мәселені облыстық департаментіне 18-ші тамызға дейін жан-жақты талдап шешуді тапсырады. Республикалық аудиттен осындай пәтуа алғаннан кейін, өздерінің барлық тендр заңдылықтарын толық сақтаған «Әль Мансур» компаниясы сотқа жүгінеді. Істі қараушы Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Габоева З.А шағымданушыларға түсіндірме жауап беріп, сот шешімі шыққанша конкрустың нәтижесінде түзілген келісім-шартты тоқтата тұру, ешқандай жұмыс бастамау туралы тоқтамға келеді. 26 тамыздан кейін тыңдау мен сот отырыстары басталады. Ал мұндай істер айлап-жылдап жүргізіледі.
Енді қараңыз, істі дәл осылай ушықтыру әкімдікке не үшін керек? Бір процент берген компанияның мүддесін қорғап, 5 процент ұсынған мердігерді конкрустан шеттетудің астарында не жатыр? Келісім-шарт та тоқтады, тараптар тіл табыспады, алда күз, содан қыс. Соттасып жүргенде құрылыс қашан салынады? Ақша мемлекетке қайта кетіп қалмай ма? Қашанғы осындай жағдай орын ала береді. Бір-екі крысалардың кесірінен неге мемлекеттік жобалар жарты жолда тоқтайды? Жалпы тендрдегі мұндай былықтарға тоқтам бола ма?
Бұл сұрақты жамбыл облысының әкіміне және әкімге тікелей бағынышты тендр өткізуші облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына, тапсырыс беруші құрылыс басқармасына қойдық. Жауап күтеміз!
Ал бұл тендрдің артында кімдер тұр, «Компания Сырам Блеке» фирмасын ұттыруда не мақсат, «Әль Мансур» компаниясын қандай себептермен конкрустан құлатты, әкім мен басқарма басшысын не байланыстырады, облыстық аудит пен республикалық аудиттің шешімдері неге бір-біріне кереғар деген сұрақтардың жауабын келесі постта айтамыз???!!!
Әзірге бұл іс біздің жіті қадағалауымызда екенін ескертеміз!
Жасұлан Әбдіхалықтың ФБ парақшасынан

Пікір қалдыру