• Валюта бағамы: USD 76.34 | EUR 13.93 | RUB 326.49 | CNY 133.31 |

Асқар Мырзахметов Valmont компаниясының өкілдерімен кездесті

0

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов «Valmont» компаниясының өкілдерімен кездесті,-деп хабарлайды http://spiker.kz

Жиында аталған компанияның жаһандық операциялар бойынша Вице-президенті Гиллен Роберт өздерінің атқаратын жұмыс бағыттары туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс атқаратын компания жаңбырлатып суару қондырғыларын шығарумен айналысады.
Басқосуда сала мамандарының пікірін тыңдалды. Оларға Тараз қаласындағы индустриалды аймақтан 50 гектар жер ұсынылған. Өз кезегінде аймақ басшысы облыстың ирригациялық жүйелерін ретке келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, 1,5 жыл бұрын құрылған механикалық жасақтың жұмысын тілге тиек етті. Айта кетерлігі, аталған жасақ бүгінге дейін 100,8 шақырымды құрайтын коммуналдық меншіктегі 21 канал мен 6 су қоймасын және 7 жеке шаруашылыққа қарасты каналдарға ағымдағы жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде облыс бойынша барлығы 6471 гектар суармалы алқаптар қалпына келтіріліпті.
Сондай-ақ Асқар Исабекұлы өңірде іске асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасының мақсаттарына тоқталып, аталған пилоттық жобаның бірінші бағыты – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану екенін алға тартты. Сонымен қатар жоба аясында қосымша 40 мың төрт түлік сатып алынатындығын айтып, компания басшылығына мал азығын дайындайтын егістік жерлерге су тарту ісі бойынша жұмыс жасау туралы ұсынысын білдірді.
Компания өкілдері «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасының маңыздылығын ескеріп, жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Пікір қалдыру