• Валюта бағамы: USD 74.02 | EUR 13.66 | RUB 330.49 | CNY 126.94 |

Бүгін Мойынқұм ауданында, ауыл әкімдерінің бірлескен қорытынды есебтері өтті

0

Бүгін аудан, ауыл әкімдерінің бірлескен қорытынды есебі Мойынқұм ауданы, Мирный ауылдық округінде өтті. Алдымен округ әкімі Ғани Тілешов ауылдағы әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, білім, денсаулық мәдениет салаларына тоқталып, 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы» аясында ауылдағы В.Терешкова атындағы орта мектебінің ішіне әжетхана орнатылып, мектеп аумағы қоршалып, ауыл жастарына шағын футбол алаңшасы қолданысқа берілгенін айтып өтті. Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев дүниені дүрліктірген Covid-19 індеттінің қазіргі жағдайын атап, сақтық шараларын орындауға шақырып, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады.

Содан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс- сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты жауаптар берді.Сонымен қатар жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тохабаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақыткүл Қалымбетова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейірхан Төлеулиев және аудандық орталық аурухананың бас дәрігернің орынбасары Тұрсынкүл Рыстанбаевалар өз салалары бойынша анықтама берді.Есепті кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов және тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Пікір қалдыру