• Валюта бағамы: USD 409.98 | EUR 462.21 | RUB 5.75 | CNY 58.43 |

Жастар мәселесі сараланды

0

Жастар жылының жабылуына орай облыста екі күн қатарынан «SENIM! EŃBEK! JETISTIK!» жастар форумы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды http://spiker.kz

Шара аясында түрлі форматтағы басқосулар, талқылаулар, арнайы сабақтар мен марапаттау рәсімдері өткізілуде.

Сондай шараның бірі – облыс әкімдігінің жастар істері жөніндегі кеңесінің отырысы. Отырысқа облыс әкімі, кеңес төрағасы Асқар Мырзахметов қатысты.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа салада жыл бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады. Баяндамадан соң отырыс еркін форматтағы пікір алмасуға көшті. Кеңес мүшелері мен салаға қатысты мамандар ойларын ашық айтып, өңірдегі жастар саясатын іске асыру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиында  көптеген мәселелер талқыланды. Сала мамандары мен қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым жетекшілері мен өзге де азаматтар сан түрлі ойларын ортаға салып, облыс әкімі әрқайсысының сауалына жауап беріп, бастамасына қолдау танытты.

Айталық жас ақын Нұрболат Жаңабекұлының ақындар мен өзге де өлеңсүйер қауым арнайы бас қосатын «Авангард»  поэзия кешіне шақыруын қабыл алған облыс басшысы мүмкіндігінше жастардың жыр алаңына бас сұғатынын айтты. 

Пікір қалдыру