• Валюта бағамы: USD 409.98 | EUR 462.21 | RUB 5.75 | CNY 58.43 |

Коронавирустан көз жұмған әйел туралы жаңа деректер шықты

0

Науқастың өліміне екі жақты пневмония, тыныс жетіспеушілігі, қант диабеті салдарынан болған сепсис, гипертония және атеросклероз себеп болған. Пневмонияның себебі – коронавирус.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың айтуынша, ол медициналық мекемеге 25 наурыз күні сағат 07:00-де ауыр жағдайда жеткізілген. Тыныс алуы қиындап, интоксикация синдромы, басқа да аурулардың белгілері байқалған. COVID-19 болуы мүмкін деген күдікпен №2 көпсалалы облыстық аурухананың оқшауланған бөлмесіне жатқызылған. Шетелге шықпаған және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болмаған. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған.

Қазір науқаспен байланыста болған адамдар оқшауланды, олардан коронавирус сынамалары алынды.

Пікір қалдыру