• Валюта бағамы: USD 77.39 | EUR 13.67 | RUB 318.7 | CNY 129.58 |

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы

0

Өңірімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы        жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 111,3 млрд. теңгені құрайтын 1892 жоба жүзеге асуда. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16 423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны  ашылды. Жалпы бағдарламаның өзіне тоқталатын болсақ, ол Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген еді. Бағдарлама 2014 жылға дейін Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылды. Оның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, бар жұмыс орындарын сақтап қалу және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталды. Бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде жаңа бизнес бастамаларға, кәсіпкерлік секторды сауықтыруға және шетелге тауар шығаратын өнім өндірушілерге қолдау көрсетілді. Ал екінші кезеңде жаңа бағдарламаларды қолдау мен экспортқа өнім шығарушыларды қолдады. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында агроөнеркәсіп, кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз шығару, құрылыс материалдарын шығару, метал өңдеу, машина жасау, басқа да маңызды бағдарламаларға басымдық берілді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге банктерден несие беру жағы да қаралды. Сонымен бірге маңызды жобаларды іске асыру үшін банк несиелері бойынша мемлекет пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін субсидиялап отырды. Осылайша мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге банктерден бұрын алған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болды.

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы 92,9 млрд. теңгені құрайтын 1097 жоба жүзеге асуда. Бұл жобаның 538-і Тараз қаласында, 559-ы аудандарда жүзеге асырылуда. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша Шу ауданында жүзге тарта жоба қолға алынса, Мойынқұм ауданында әзірге он жоба іске асырылды. Жобалардың басым көпшілігі Шу, Байзақ, Қордай аудандарында жүзеге асқан. Облысымыздағы екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі ЕДБ) ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы 370 жобаны қаржыландырған. Қалған жобаларды қаржыландыруға «БанкЦентрКредит», «Сбербанк», «АТФ Банк», «Jýsan Bank», «ForteBank», «Евразиялық банкі», «Нурбанк», «Банк ВТБ» АҚ қаржыландырып отыр.

«Банк кредиттары бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 5,9 млрд. теңгені құрайтын 470 жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы тұста, аталған құрал бойынша, Тараз қаласы бойынша 155 жоба, ал қалған 315 жоба аудандардың еншісіне тиіп отыр. 

«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 11,8 млрд. теңгені құрайтын 103 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 1242 жұмыс орны сақталып, 1800 жаңа жұмыс орны  ашылды. Осы тұста, аталған құрал бойынша, Тараз қаласында  16 жоба, ал қалған 87 жоба аудандардың еншісінде. 

Сондай-ақ, 2013 жылдың сәуір айынан бастап облысымызда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну тетігі де жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған құрал бойынша жалпы сомасы 500,9 миллион теңгені құрайтын 222 кәсіпкердің жобалары қаржыландырылып, бүгінде облыстағы қолдау алған кәсіпкерлер саны артуда.

Пікір қалдыру