• Валюта бағамы: USD 74.02 | EUR 13.66 | RUB 330.49 | CNY 126.94 |

Мобильді топтар тәртіптік рейдтерді жалғастыруда

0

Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан  «Шолпан», «Ақбосаға» және  «Наурыз» мейрамханаларында  50-ден астам адам жиналған мереке өткізілгендігі анықталып, мейрамхана иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылды, деп хабарлайды http://spiker.kz

Аудан әкімдігі жанындағы мобильді топ құрамымен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 14 тамыздағы №32, №47  Қаулысын аудандағы сауда  орталықтары мен ұсақ дүкендерді, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын аралап, эпидемияға қарсы санитарлық режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуы бойынша 1 қазаннан бастап  647 нысанға рейд жүргізіліп, түсіндіру, тексеру  жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылда жалпы карантин режимін бұзып, ҚР ӘҚБ тК-нің 425 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 8 жеке кәсіпкерге 2 430 750 теңге және 23 жеке тұлғаларға 958 410 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Пікір қалдыру