• Валюта бағамы: USD 410.7 | EUR 465.28 | RUB 5.8 | CNY 58.81 |

Мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар тізімі бекітілді

0
  • Пән мұғалімі
    Күнделікті сынып журналы және сабақ жоспарын толтырады. Сондай-ақ оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады.
  • Сынып жетекшісі
    Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады.
  • Жас мұғалімнің тәлімгері
    Жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.

Пікір қалдыру