• Валюта бағамы: USD 76.34 | EUR 13.93 | RUB 326.49 | CNY 133.31 |

Облыс әкімі Б.Сапарбаев Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

0

Құрметті жамбылдықтар, сарбаздар мен Қарулы Күштердің ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – ерлік пен батылдықтың, қайсарлық пен Отанға адал қызмет етудің айқын көрінісі. Біздің сарбаздар мен офицерлердің бойындағы патриотизмі мен ержүректілік қасиеттері Отанды қорғауды өздерінің кәсіби-міндеттері ретінде таңдаған осы саладағы барлық жандарға деген шынайы құрмет сезімін оятады.
Қазақстанда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби әскер құруға айрықша назар аударылуда.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың абыройлы борышы. Бүгінде аға буынның жауынгерлік дәстүріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебі қалыптасты.

Осынау айтулы күнде барлық Отан қорғаушыларға зор денсаулық, баянды бақыт, сәттілік тілеймін! Ержүрек және қайсар жандардың мерекесі әрқашан жарқын әрі шат-шадыман күйде тойлана бергей.
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Отанымыз — Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы баянды бастамаларымыз бен жемісті жұмыстарымыз алға баса берсін.

Құрметпен, Бердібек Сапарбаев

Пікір қалдыру