• Валюта бағамы: USD 76.41 | EUR 13.91 | RUB 325.77 | CNY 133.46 |

ОНЛАЙН АҚПАРАТ, ОҢТАЙЛЫ БАЙЛАНЫС

0


Дерт дендеген шақта қашықтан байланыс құралдары арқылы халықпен жұмыс істеу жағы қалай болып жатыр. Осы сауалдың айналасында аймақ атқамінерлері мен мемлекеттік мекемелер жұмысын жіті бақылап жүрміз, деп хабарлайды http://Spiker.kz

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстиық филиалы да тікелей байланысқа шықты.

Партия облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев инстаграм және фейсбук желісінде жамбылдықтармен жүздесті. https://www.instagram.com/nurotan_jambyl және www.facebook.com/NurOtanJambyl парақшалары арқылы көрерменнен келіп түскен сұрақтарды сараласақ. Сондай-ақ, қанша қаралым болғанын айтсақ. Өйткені, бұл қаншалықты маңызды болғанын білдіретіні белгілі. Инстаграм аккаунты арқылы 686 қаралым жинап, 1130 пікір жазылды. Оның ішінде 630 сұрақ қойылғанын санадық. Ал, фейсбук желісіндегі партия парақшасы 206 қаралым болды. 24 адам сауалдары мен пікірлерін жазды. Көрермендердің көбісі карантин уақтысының аяқталу мен көмек алу жайында сұрақтар қойды. Оқырмандардың онлайнда отыр жиілігі 30 адамнан төмен түскен жоқ.


«Қайырлы күн! Үлкен рақмет! Жәрдемақы алып, азық-түлік алдық. Мәз-мейрам болып қалдық» — деп Д. Жұбалышбаева есімді көрермен жазды. Қымбат Асылхан: «50 мың теңге алдық, Алла разы болсын!» десе, «Осындай қиын кезеңде ешкімді елеусіз қалдырмай, азық-түлік пен қаржылай жәрдемдесіп жатқаны үшін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына және де партияның Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалына алғыс айтамын. Осындай кезеңде маған жасалған үлкен көмек. Рақмет!» деп өз алғысын айтты.
Тіпті эфир барысында партия облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев желідегі жәрдем сұрағандарға жеке нөмерін берді. Хабарласып мәселесін тікелей тыңдайтынын жеткізді.
«Қор тарапынан арнайы санаттағы мұқтаж азаматтардың, яғни 27 333 адамның 27,3 пайызына немесе 7473-не 373 млн. 650 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек (50 мың теңгеден) көрсетілді. Қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімдігінің тиісті бөлімдері 2-траншпен атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін 9295 азаматтың тізімдерін дайындауда. Ұйымдастыру шараларын 1 мамырға дейін аяқтап, 9 мамырға дейін материалдық көмек көрсету жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. бүгінгі күнге 71,9 млн. көлеміндегі қаржыға 3425 отбасына алғашқы кезектегі қажеттіліктегі азық-түліктер себетінен көмек көрсетілді.» деді Балабек Жанбекұлы.

Пікір қалдыру