• Валюта бағамы: USD 76.34 | EUR 13.93 | RUB 326.49 | CNY 133.31 |

Пара алған қызметкерін қорғамақ болған басшылар жазаға тартылуы керек -видео

0

Жамбылда пара алған қызметкерін қорғап қалмақ болған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жемқорлықты жасырған басшыларды да жазалау керек деген ұсыныс білдірді деп жазады “Тараз24”

Белгілі болғандай, жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы екі тұрғынға әлеуметтік көмек алуға көмектесемен деп, 195 мың теңгеге жуық пара алған. Бірақ үстінен тексеру басталарын , айыппұл саларын білген соң, басшылығынан көмек сұрап, жалған құжатпен жұмыстан шығып кеткен. Дегенмен департаменті қызметкерлері оның «қылмыстың ізін жасыру» екендігін анықтады. Қазір бас маман жұмыстан шығарылып, 1 млн 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ белгілі бір лауазымда мемлекеттік қызметте атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Дегенмен қызметкерінің ісін жасырып, оған көмек беріп, жалған құжат жасаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бөліміндегі кінәлі басшыларды да тәртіпке жауапкершілікке тарту қажет. Олардың әрекеті жағымсыз қоғамдық резонанс тудырды,нұқсан келтірді деп есептеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

Пікір қалдыру