• Валюта бағамы: USD 77.39 | EUR 13.67 | RUB 318.7 | CNY 129.58 |

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің негізгі бастамалары

0

​Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевтың жемқорлықты жоюға әсер ететін факторлары туралы және Агенттіктің алдына қойылған басты бастамалар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде — Ә.Әшірбаев баяндады. Атап айтқанда:
​ — ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
​- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын сапалы сүйемелдеу». Демек, бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қою;
​- электрондық ұлттық валюта құруды жеделдету. Бұл парақорлар үшін ыңғайлы қолма-қол ақшаны қысқартуды жеделдетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етуге он септігін тигізеді;
​- барлық деңгейдегі бюджеттердің толық ашықтығын және қоғамдық қадағалауды нығайту арқылы мемлекеттік сатып алулардағы мәселелерді шешу. Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жүйесін түбегейлі қайта қарау арқылы жемқорылқты болдырмау;
​- жедел-тергеу қызметінің басымдықтарын белгілеп, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесуді, мемлекетке келтірілген залалдың уақтылы және толық өтелуін атап өтті.
​Баяндама соңында департамент басшысы Ә.Әшірбаев, екінші жартыжылдықта жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар барынша жандандыра түсетіндігін хабарлады.
[15:50, 24.07.2020] Назима Тв Байзақ: Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды.
2020 жылдың 6 айында Департаментпен 73, оның ішінде ауыр санатында 54, аса ауыр санатында 1 және жедел жолмен 54 қылмыс тіркелген. Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 49 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, ҚР ҚК-нің 189 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Сариев 6,9 млн. тенге көлемінде айыппұл жазасына және аталған басқарманың бөлім басшысы Бексеитова 2 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
ҚР ҚК-нің 361 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Шалкарбековқа 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.
​ҚР ҚК-нің 366 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің Шу ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Абдикалыков 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
[15:50, 24.07.2020] Назима Тв Байзақ: Кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты назарда

Ағымдағы жылдың 6 айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 6, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 5 деректің тіркелгендігін, оның нәтижесі бойынша 73 кәсіпкердің құқықтары қорғалғандығын, — Департамент басшысы Ә.Әшірбаев хабарлады.
[15:50, 24.07.2020] Назима Тв Байзақ: Жемқорлардан келтірілген заладардың өндіру барысы қандай?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде тіркелген қылмыстық істер бойынша 604,8 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.
Аталған бағыттағы Департаментпен жасалған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде келтірілген залалдың 419,4 млн. теңгесі өндіріліп, 122,3 млн. теңгеге мүлікке тыйым салынған. Бұл тек жарты жылдың қорытындысы, аталған бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда деді, спикер Ә.Әшірбаев.

Пікір қалдыру