• Валюта бағамы: USD 367.06 | EUR 416.17 | RUB 5.56 | CNY 52.84 |

«Береке» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге беріледі

1

Картинки по запросу бизнес

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті  дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, былтыр  817 млн 500 мың теңге бөлінсе, биылғы жылы бұл сомма 1 млрд. 232 млн 800 мың теңгеге өскен. Жамбыл облысында «Береке» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге беріледі. Бұл туралы «өңірлік коммуникациялар қызметінде» өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков айтты. Бұдан бөлек, Жандәулет Несіпбекұлы  және қолдауға бағытталған жұмыстар туралы баяндады. Шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған басқа да жобалардағы көрсеткіш осындай. Сонымен қатар, баспасөз отырысында өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Береке» бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несие алу мүмкіндіктері де айтылды. Бағдарлама бойынша салалық шектеусіз шағын және орта бизнес өкілдеріне арзан несие берілуде. Бұл бағдарламаға биылғы жылы жергілікті әкімдік тарапынан 500 млн теңге және Даму қоры тарапынан 1 млрд.теңге бөлініп, жалпы несиелендіруге жұмсалатын сома 1,5 млрд.теңгені құрап отыр

Discussion1 комментарий

  1. Кеш жарык, менин есимим Оркен Керимбай улы Меркеде мин, осы береке багдарламасы бойынша несие алсак, залогка коятын улкен мини маркетимиз бар, мал бордакылау аланын ашсак деп отырмын, жерим бар Акбарыс ш/к бар, осы бойынша кимге барып жолыксак жане натижели болса,

Пікір қалдыру